«Байзақ су» КМК Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің табиғи монополиялар субъектілерінің жергілікті бөліміне суды таратушы желілер арқылы беру, сарқынды суды бұру және жылу энергиясын өндіру, беру, бөлу және онымен жабдықтау қызметтерін ұсыну бойынша енгізілген.
«Табиғи монополиялар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 26-бабы 2-тармағының 17) тармақшасына сәйкес, жыл сайын, есепті кезеңнен кейінгі жылдың 1 мамырынан кешіктірмей уәкілетті органға бекітілген тарифтік сметаның орындалуы туралы, бекітілген инвестициялық бағдарламаның орындалуы туралы есептерді электрондық нысанда, өзге мемлекеттік органға не жергілікті атқарушы органға бекітілген инвестициялық бағдарламаның орындалуы туралы есепті электрондық нысанда ұсынуға міндетті болып табылады.
Алайда, «Байзақ су» КМК жоғарыда аталған Заң талаптарын орындамай, тарифтік сметаның орындалуы туралы есепті ұсынбағаны анықталды.
Жоғарыдағының негізінде, Департаментпен «Байзақ су» КМК-на қатысты «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 164-бабы 1 бөлігімен әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғалып, айыппұл сомасының елу пайызы мөлшерінде жеті тәулік ішінде төлегеніне байланысты, іс қысқартылған іс жүргізу түрінде қаралды.
Қазіргі танда, жалпы сомасы 393 200 теңге көлемінде айыппұл мемлекет пайдасына өндірілді.
Мышбаев Е.К. – ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің бөлім басшысы