К сведению
02 июн, 11:31
Әдеп және сыбайлас жемқорлыққа қарсы нормаларын сақтау бойынша семинар өтті
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаменті мемлекеттік қызметшілердің әдеп және сыбайлас жемқорлыққа қарсы нормаларын сақтау туралы семинар өткізді.
Семинарда заңнаманың сақталуын бақылау, талап – арыз және ұйымдастыру жұмысы бөлімінің бас маманы - Әдеп жөніндегі уәкілетті тұлға С.Ж.Мағзымбекова «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, Мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексіне және Әдеп жөніндегі уәкілдер туралы ережеге сәйкес мемлекеттік қызметшілер мерекелік демалыс күндері қарсаңында Әдеп кодексін сақтауы, мемлекеттік қызметшілер қоғамдық орындарда мас күйінде болу, адамның қадір-қасиетін қорлау, заңнаманы бұзу, айналасындағылардың құқығы мен қауіпсіздігіне қол сұғу сияқты теріс мінез-құлық жағдайларына жол бермеуі, әрбір мемлекеттік қызметші жұмыстан тыс уақытта өзінің іс-әрекеті мен мінез-құлқы үшін жауап беретінін, ал кез-келген жағдайда этикалық қағидаттарды сақтау қоғамның мемлекеттік қызметке деген жоғары сенімінің негізі болып табылатынын есте ұстауы тиіс екендігі туралы атап өтті.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және мемлекеттік қызмет саласындағы қолданыстағы заңнама талаптарын қатаң сақтау және бұзушылықтарға жол бермеу қызметкерлерге заңсыз материалдық сыйақы алуға жол бермеу туралы талапты жеткізу қажеттігі туралы ескертілді.
Сыйлықтар алудың салдары тәртіптік және әкімшілік жауапкершілікке әкеледі. Мемлекеттік қызметші алған сыйлықтарды жекешелендіру және мемлекеттік мүлік органдары жанынан құрылған арнаулы мемлекеттік қорға жеті күн мерзімде өтеусіз тапсырылуға жататынын есте ұстаған жөн.
С.Ж.Мағзымбекова Департамент қызметкерлерін адал қызмет етуге, сонымен қатар, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасын қатаң сақтауға, мемлекеттік қызметкерлер жұмыстарын адал атқаруға шақырып, мемлекеттік қызметшілерге Әдеп Кодексінде сынға себеп болатын, мемлекеттік органдардың қадір-қасиеті мен беделіне нұқсан келтіретін әрекеттер мен мінез-құлыққа жол бермеу бойынша моральдық-этикалық нормалардың ерекше талаптары қойылады, ал мемлекеттік қызметшілердің ойын-сауық орындарында болуы, алкогольдік ішімдіктер ішу және құмар ойындарға (казино, ойын автоматтары, карталар және т. б.) қатысуы қоғам тарапынан негізделген сынға алып келуі мүмкін екендігін атап өтті.
Департамент қызметкерлеріне әдеп нормаларын қатаң сақтау жөнінде және мемлекеттік қызметкер өзінің мемлекеттік қызметші атына сай болуы қажеттігі, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасының талаптарын және қызметтік этика стандарттарын сақтау барлық мемлекеттік қызметшілер үшін міндетті екендігі туралы айтты.
Мемлекеттік қызметшілер Әдеп кодексінің талаптарын қатаң сақтауы және жағымсыз және тыйым салынған іс-шараларға, оның ішінде қоғам тарапынан негізделген сынға жол беретін іс-шараларға қатысудан бас тартуы қажет екендігін ескертті.
С.Ж.Мағзымбекова – ҚР ҰЭМ ТМРК Жамбыл облысы бойынша департаментінің бас маманы