Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің негізгі қызметі табиғи монополиялар субъектілерінің тарифтерін реттеуге, табиғи монополия саласында заңнаманың сақталуын бақылауға бағытталған.
Департаменттің тарифтік саясаты, ол тұрақты түрде табиғи монополиялар және қоғамдық маңызы бар нарық субъектілерінің тарифтерімен бағаларына негізсіз өсуіне жол бермеу мақсатында жұмысты жүргізу.
Департамент Жамбыл облысы бойынша табиғи монополиялар субъектілерінің Мемлекеттік тіркелімінің Жергілікті бөліміне енгізілген қызметтердің 61 түрін көрсететін 40 табиғи монополия субъектісін реттейтін орган болып табылады. Олардың ішінен:
- сумен жабдықтау кызметтері бойынша – 20 ТМС;
- сарқынды суларды бұру қызметі бойынша – 10 ТМС
- табиғи газды тасымалдау қызметтері бойынша – 1 ТМС;
- суды арналар арқылы беру қызметтері бойынша– 2 ТМС;
- жылу энергиясын өндіру, беру, бөлу және жабдықтау қызметтері бойынша – 18 ТМС;
- кірме темір жолдары қызметтері бойынша – 9 ТМС;
- электр энергиясын беру және бөлу қызметтері – 1 ТМС.
Қазіргі уақытта Департаментпен 6 өтінім қаралуда.
Департаментпен 2025 жылы табиғи монополия субъектілерінің бекітілген инвестициялық бағдарламаның және тарифтік сметаның орындалуын талдау қорытындысы бойынша 2 ТМС-нің бекітілген іс-шараларды толығымен орындамағаны анықталып («Жамбыл су» КМК – 160 557,44 мың тг., «Казфосфат» ЖШС – 185 787,52 мың тг.), уақытша өтемдік тарифтері бекітілді және 2 әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша жалпы сомасы 6 291 200 теңге көлемінде айыппұл салынып мемлекет пайдасына өндірілді.
Кросс субсидиялаудан біртіндеп бас тарту
ҚР Премьер министрінің бірінші орынбасары Р.В.Склярмен бекітілген кросс субсидиялаудан біртіндеп бас тарту жөніндегі жоспар кестеге сәйкес, 2025-2029 жылдар аралығында сараланған тарифтен бас тартып, тұтынушы топтарына орташа бір тариф бекіту қарастырылған. Жамбыл облысы бойынша 2025 жылы жоспарға сәйкес кросс-субсидиялаудан біртіндеп бас тарту:
* электрмен жабдықтау саласында - 20%-ға;
* жылумен жабдықтау саласында - 45%-ға;
* сумен жабдықтау саласында - 30%-ға;
* сарқынды суларды бұру саласында - 31%-ға;
* тауарлық газбен жабдықтау саласында - 14%-ға келтіру қарастырылған.
«Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту» ұлттық жобасы
Қазақстан Республикасы Президентінің 2024 жылғы 25 қыркүйектегі № 658 Жарлығымен бекітілген Мемлекет басшысының 2024 жылғы 2 қыркүйектегі «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының 27-тармағын орындау үшін Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2024 жылғы 25 желтоқсандағы № 1102 қаулысымен «Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту» ұлттық жобасы бекітілді.
Ұлттық жобаны әзірлеудің мақсаты - Халыққа коммуналдық қызметтерді сенімді әрі сапалы көрсетуді және ел экономикасының орнықты дамуын қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасында энергетикалық және коммуналдық инфрақұрылымды (желілер мен объектілерді) жаңғырту.
Күтілетін әлеуметтік әсер (сапалық және сандық мәнде) - Авариялар деңгейін 20 %-ға төмендету, энергетикалық және коммуналдық активтердің тозу деңгейін ел бойынша орта есеппен 40 %-ға дейін төмендету.
Ұлттық жобаның іске асыру мерзімі - 2025-2029 жылдар аралығы.
2025 жылы «Жамбыл Су» КМК Ұлттық жоба аясында 3 жобамен жалпы соммасы 654,7 млн.теңге 5,3 шақырым су құбырын жаңғыртуға «Бәйтерек» ҰӘХ-не қаржы операторына және техникалық оператор «Каз центр ЖКХ» тиісті құжаттар жолдаған.
«Каз центр ЖКХ» техникалық оператордан 21.04.2025 ж. оң қортынды алынып, 08.05.2025 жылы қажетті құжаттар (bgov.kz) сайтына жүктелген.
Жоғарыдағының негізінде, Ұлттық жоба Жамбыл облысы индикаторларының бірі болып табылатынын ескере отырып, Департамент Жамбыл облысы әкімідгінің қаржы басқармасына аталған жобаны қаржыландыру үшін «Бәйтерек» ҰӘХ хатын зерделеп, тиісті шаралар жүргізуі және ықпал ету үшін тиісті хат жолдады.
Қалдыбай Мүслім, ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары