К сведению
30 мая, 16:56
Жамбыл облысында «Жамбыл су» МКК-ның сарқынды суларды бұру қызметі бойынша тарифі төмендетілді.
ҚР Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаментімен 2023-2024 жылдың қорытындысы бойынша «Жамбыл су» МКК-ның сарқынды суларды бұру қызметіне бекітілген инвестициялық бағдарламалардың орындалуына жүргізілген талдау барысында, «Табиғи монополиялар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 26-бабының 2-тармағының 16) тармақшасы, яғни бекітілген инвестициялық бағдарламаларды орындау талабының сақталмағандығын анықтады.
Осыған байланысты, Департаменттің 2025 жылғы 20 наурыздағы №22-НҚ бұйрығымен қайта қаржыландыру ставкасын ескере отырып, «Жамбыл су» МКК-ның сарқынды суларды бұру қызметіне – 160 557,44 мың теңге негізсіз алынған табыс сомасына уақытша өтемдік тариф бекітіліп, 2025 жылдың 1 мамырынан бастап 1 жылға орташа-босату тарифі 50,19 теңгеден 41,21 теңгеге, яғни 17,9% төмендетілді.
Сонымен қатар, «Жамбыл су» МКК-на қатысты «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 164-бабы 4 бөлігімен әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғалып, айыппұлдар сомасының елу пайызы мөлшерінде жеті тәулік ішінде төлегенгеніне байланысты, іс қысқартылған іс жүргізу түрінде қаралды.
Қазіргі танда, жалпы сомасы 3 145 600 теңге әкімшілік айыппұл салынып, мемлекет кірісіне өндірілді.
Сансызбаев Ержан Айдынгалиулы ҚР ҰЭМ Жамбыл облысы бойынша ТМРД-нің табиғи монополияларды және бағаларды реттеу бөлімінің бас маманы