Главные новости сегодня

Тараз
Курс:
К сведению 19 мая, 19:00

Ұлы ақын, ойшыл Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойы.

Қазақ халқының мәңгілік пір тұтатын адамы, ағартушы ұлы ақыны – Абай. 
           
Абай Құнанбайұлы 1845 жылы 10 тамызда Шығыс Қазақстан облысы, қазіргі Абай ауданында дүниеге келді. Әкесі Құнанбай Өскенбайұлы беделді би, ірі қайраткер, анасы Ұлжан сабырлы, парасатты, сөзге шешен адам болған. Әжесі Зере Абайға терең тәрбие беріп, көптеген халық аңыздарын үйреткен. Абай қазақ халқының өшпес мұрасына өмірінің соңына дейін із қалдырды. Ол тек өлең жазбай, сол заманның шындығын, адам бойындағы рухани әлсіз қасиеттерді бүкпесіз айтып отырған. Қағаз бен қаламды өзіне серік етіп, қазақты білімге, еңбекке, әділдікке шақырған дана тұлға. Абай Құнанбайұлы – қазақ халқының ұлт ұстазы. Оның шығармалары – ұлт мәдениеті мен әдебиетінің алтын қазынасы.

Абай Құнанбайұлы – тек ақын емес, сонымен қатар философ, ағартушы, сазгер, аудармашы, ойшыл тұлға. Оның мұрасы әдебиетпен ғана шектелмейді. Қазіргі таңда Абай идеялары ғылым, философия, тәрбие, музыка салаларында кеңінен зерттелуде. Абай – сазгер. Оның «Көзімнің қарасы», «Айттым сәлем, Қаламқас», «Желсіз түнде жарық ай» сынды әндері – жүректен шыққан шынайы туындылар. Аудармашы ретінде де Абайдың еңбегі жоғары бағаланады.
Абай – өткір тілді, сыншыл, турашыл адам. Ол заманның әділетсіздігін батыл айтып, надандық пен алауыздықты сынады. Оның рухани мұрасы – бүгінгі ұрпақ үшін таусылмас қазына.
 
Абай Құнанбайұлының шығармашылығы – терең философиялық ойларымен, ағартушылық қызметімен, әдебиеттегі жаңашылдығымен бағалы. Абай – тек қазақтың емес, бүкіл адамзаттың рухани ұстазы.
 
2025 жылы Абайдың 180 жылдығы аталып өтеді. Бұл мерейтой – ақын мұрасын жаңаша зерделеп, жас ұрпаққа насихаттауға тамаша мүмкіндік. Айтулы мереке – Абайды еске түсіріп қана қоймай, оның әдеби тынысына жаңа дем береді.