Главные новости сегодня

Тараз
Курс:
К сведению 30 апр, 17:17

ТІЛ ТҰҒЫРЫ БИІК БОЛУЫ ТИІС

«Тілсіз ұлт, тілінен айрылған ұлт дүниеде ұлт болып жасай алмақ емес, ондай ұлт құрымақ». Ақын-публицист, ағартушы Мағжан Жұмабаевтың бұл сөзі әрбір қазақтың тілге деген жанашырлығы мен құрметін оятуы керек.

Қазақ тілінің мәртебесін көтеру, оның қолдану аясын кеңейту мәселелері еліміздің тәуелсіздік алған күнінен бастап көтеріліп келеді. Қазіргі уақытта республикамызда мемлекеттік тіл қолданысының дамуын табысты іске асырудың қүқықтық негіздері қалыптасып, оның дамуы мен нығаюына бағытталған біршама заңдар мен қаулылар қабылданғаны белгілі. Заң аясында мемлекеттік бағдарламалар әзірленіп, олар кезең-кезеңімен орындалуда. Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейтуге мемлекеттік билік иесі ретінде соттар да өз үлестерін қосуы міндетті етілген.

Мемлекеттік тілдің сот жүйесінде кеңінен қолданылуын насихаттау мақсатында Жамбыл облысының соттары өз араларында жүйелі түрде қазақ тіліне арналған байқаулар мен семинарлар, оқу курстарын, челлендждік жарыстар өткізуді, БАҚ беттерінде мақалалар жариялап тұруды ұдайы ұйымдастыруды қолға алған.

Мемлекеттік тілдің сот ісінде қолданылу аясын кенейтудің бірден-бір шарасы ретінде мемлекеттік органдар мен мекемелер, ұйымдар арасында жүретін сот сұраныстары, іс-кағаздары, кіріс-шығыс құжаттары мен соттың ішкі құжаттары бәрі мемлекеттік ілде жасалады. Қазіргі кезде барлық соттарда деректер базасында мемлекеттік тілде Казакстан Республикасының заңдары мен нормативтік актілері бар. Әрбір судья мемлекеттік тілде іс карау барысында деректер базасынан қажетті заң нормаларымен таныса алады.

«Тіл туралы» заңның 24-бабында бұл занның бұзылуына, лауазымы адамның мемлекеттік тілді білмеуі желеуімен азаматтардың өтініштерін қабылдаудан бас тартуы, сондай-ақ, мемлекеттік тілде қызмет аткарылатын салада тілдің қолданылуына кез келген кедергі келтіру Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауаптылыққа әкеліп соғатынын мемлекеттік органдардын, занды ұйымдардың басшылары мен лауазымды қызметкерлері сөзсіз білуі қажет.

Ғ.Аманбаев, Тараз қаласы №2 сотының судьясы