Главные новости сегодня

Тараз
Курс:
К сведению 31 мар, 19:43

Мемлекеттік қызмет мен мемлекеттік басқару мүдделеріне қарсы сыбайлас жемқорлық және өзге де қылмыстар

Қызметтік өкілетті теріс (заңсыз) пайдалану - қызметтік қылмыстардың неғұрлым кең тараған түрі. Ол көптеген жағдайларда лауазымды адамның қылмыстық әрекетінің бастамасы, басқа ауыр қылмыстар жасаудың тәсілі де болып табылады. Бұл қылмыстың мәні мынада, лауазымды тұлға өзінің қызметтік өкілетін қызметтік мүддеге қарама-қайшы қылмыстық жолмен пайдалана отырып, азаматтардың немесе ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделеріне, қоғамның немесе мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделеріне елеулі түрде нұқсан келтіреді.

Мемлекеттік аппараттың қалыпты, заңды қызметіне қол сұғу осы қылмыстың обьектісі болып табылады. Осыған байланысты, егер қызметтік өкілетті теріс пайдалануды мемлекеттік органда, жергілікті өзін-өзі басқару органында, сондай-ақ ҚР Қарулы Күштерінде, ҚР басқа да әскер құрамдарында және әскери құрамдарда лауазымға ие адамдар жасаған жағдайларда ғана аталған қылмыс және 13-тарауда көзделген өзге де қылмыстар үшін қылмыстық жауапкершілік туындайды. Мемлекеттік немесе жергілікті өзін-өзі басқару органдары болып табылмайтын коммерциялық және өзге де ұйымдардағы қызметтік өкілетті теріс пайдаланған тұлғалар ҚК-тің 228-бабы бойынша осындай іс-әрекеттері үшін қылмыстық қудалау тәртібі туралы осы бапқа ескертпелерді ескере отырып жауып беруге жатады.

Қызметтік өкілетті теріс пайдаланудың обьективті жақтарының міндетті белгілері мыналар болып табылады: лауазымды адамның өзінің қызметтік өкілетін пайдалануы; лауазымды адамның қызмет мүдделеріне қайшы келетін белгілі бір іс-әрекет жасауы: егер осы іс-әрекет азаматардың немесе ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделеріне, не қоғамдық немесе мемлекеттік заңмен қорғалатын мүдделеріне елеулі түрде нұқсан келтірсе.

Билікті немесе лауазымдық өкілеттіктерді асыра пайдалану. (362-бап)

Билікті немесе мемлекеттік өкілетті асыра пайдалану қызметтік өкілетті теріс пайдаланудың айрықша түрлерінің бірі болып табылады. Қылмыстың бұл түрінің қызметі теріс пайдалануда, керісінше, әрекет құқық пен өкілеттің осы шеңберінен ашықтан-ашық асып кетеді.

Талданып отырған қылмыс белгілерін анықтау үшін осы лауазымды тұлғаға берілген өкілеттік көлемін нақты айқындап алу керек.

Кінәлі лауазымды тұлға қаралып отырған қылмысты жасай отырып, солардың шегінен асып кететін құқықтар мен өкілеттер заңдармен және мынадай заңды қактілермен айқындалады: қаулылармен, өкімдермен,  бұйрықтар мен нұсқаулықтармен, жарлықтармен, нұсқамалармен және т.б.

Пара алу. (366-бап)

Қоғамымызға парақорлық қандай зиян келтіріп отырғаны белгілі. Бұл лауазымды қылмыстардың өте қауіпті түрі болып табылады. Оның қауіптілігі пайдақорлық ниетпен жасалынатын қылмыстар мен араласып, қосылып жасалуында (көбіне ұрлықпен). Парақорлық мемлекеттік аппарат қызметінің дұрыс жұмыс істеуіне бөгет жасайды және олардың беделін кетіруге, өкімет және атқару органдарының қызметінде әділдік қағидасын бұзуға әкеп соқтырады.

Парақор көптеген лауазымды тұлғалардың адал екеніне күмән туғызып, масқаралау арқылы сенімсіздік келтіріп қана қоймай, жалпы мемлекетке, конституциядағы азаматтардың мүдделері мен құқықтарын шектеуге, заңдылық қағидаларының бұрмалануына әкеп соқтырады және мемлекетіміздің нарықтық реформаларының дұрыс жүргізілуін тежейді.

Парақорлықтың ұғымы үш қылмыс құрамымен түсіндіріледі. Пара алу (366-бап); пара беру (367-бап); парақорлыққа делдал болу.

Лауазымды адамның өзіне емес, делдал арқылы пара берушінің немесе оның өкілі болғанада мныңпайдасына жасаған іс-әрекеті (әрекетсіздік) лауазымды адамның қызметтік өкілеттігіне кіретін болса, не ол қызметтік жағдайына байланысты осындай іс-әрекетке (әрекетсіздікке) мүмкіндік жасаса, содай-ақ жалпы қамқоршылығы немесе қызметі бойынша жол берсе – ол Заңға сәйкес пара алу деп танылады.

Пара беру (367-бап)

Жаңа Қылмыстық кодексте бұл қылмыстың мазмұны ашып көрсетілмеген. Заңда лауазымды адамға тікелей немесе делдал арқылы пара беру деп қана көрсетілген.

Обьективтік жағынан пара беру:

- лауазымды адамға пара затын немесе мүлік сипатындағы өзге де пайда беру;

- пара затын адам тікелей өзі немесе делдал арқылы береді;

- лауазымды адам өз қызметін пара берушінің мүддесіне белгілі бір әрекетті істеуге немесе істемеуге пайдалануы арқылы сипатталады.

Пара беру немесе тапсыру әдістері қылмыстың құрамы үшін маңызды емес. Пара оны алушының тура өзіне немесе оның келісімімен жақын туыстарына берілуі мүмкін. Ол істелінбеген жұмысқа почта арқылы айлық түрінде берілуі мүмкін. Пара берудің жасырылған нысандары бар. Олар: заңсыз сыйлық беру, алдын ала ойластырылып пара алушыға картадан елеулі ақша соммасын ұтылу; пара алушыға бағалы, құнды заттарды өте арзан бағаға сату және тағы басқалар.

Кейбір кезде пара – пара алушыға тегін қызмет түрінде көрсетіледі. Пара алушыға туристік, санаториялық жолдамалар берілуі, кемеге, пойызға, ұшаққа, басқа да көлік құралдарына жүруіне билет беруін - сот практикасы пара беру деп қарастырады.

Лауазымды тұлғаға материалдық мазмұндағы емес пайда келтіру қарастырылып отырған қылмыс құрамын құрамайды. Мысалы: онымен жыныстық қатынаста болу; лауазымды тұлғаның сұрауы бойынша, ол туралы мадақтау үндеу тарату немесе оның жұмысы туралы баспасөз бетінде жақсы пікірлер жариялау пара беру ретінде сараланбауы керек.

Пара беру формальдық қылмыс құрамы болып табылады. Лауазымды тұлға пара алған кезден бастап, яғни берушінің мүддесі үшін белгілі бір әрекет істелгені не істелмегеніне қарамастан қылмыс аяқталды деп саналады.

Субективтік жағынан пара беру тікелей қасақаналық арқылы істеледі. Яғни кінәлінің лауазымды адамға пара затын беруге немесе тапсыруға құқы жоқ екенін және оның мүддесі үшін лауазымды тұлға сезеді және соны тілейді. Пара берудің ниеті сан алуан болуы мүмкін. Олар кінәлі адамның заңсыз түрде жеке өзіне ғана емес, сонымен қатар туыстарының жақын туыстарының, пара беруші ісейтін ұйым немесе мекеме мүдделерін қамтамасыз етуге ұмтылуы арқылы көрінеді. Пара беру субьектісі боп 16 жасқа толған, есі дұрыс тұлға танылады.

Парақорлыққа делдал болу. (368-бап)

Бұл қылмыс үшін жауапкершілік Қылмыстық кодекстің 368-бабында көрсетілген. Осы қылмыстың обьективті жағы - парақорлыққа делдал болу, яғни пара алушыға және пара берушіге пара алу мен беру туралы олардың арасындағы келісімге қол жеткізуге немесе іске асыруға жәрдемдесу болып табылады. Парақорлықтың делдалы ретінде кінәлі боп табылу үшін пара берушіден немесе алушыдан сыйақы алғанына қарамастан танылады.

Делдалдық пара беру мен алуды жалғастыратын ерекше түрі –жеке қылмыс құрамына бөлінген. Бұл пара беру мен алудың келісім немесе нақты әрекеттермен жетістікке жету арқылы, делдал өзінің бастамасымен емес, пара беруші мен алушының сұрауы немесе тапсырмасы арқылы тікелей пара береді.

Парақорлыққа делдал болу, яғни пара алушыға және берушіге олардың арасындағы пара алу және беру туралы келісімге қол жеткізуге немесе оны іске асыруға ықпал ету – мүлкі тәркіленіп, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, параның он еселенгеннен жиырма еселенгенге дейінгі сомасы мөлшерінде айыппұл салуға не үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

С.Дмитриева, Тараз қаласы №2 сотының судьясы