Главные новости сегодня

Тараз
Курс:
К сведению 18 мар, 12:18

Коммуналдық қызметтерді тұтынудың әлеуметтік нормалары

Тарифтерді қалыптастыру қағидаларының 247 тармағына сәйкес, сумен жабдықтау және (немесе) су бұру жөніндегі реттеліп көрсетілетін қызметтерге тарифті саралау мақсатында тұтынушылар топтарға бөлінеді:
1) халық санатына жататын жеке тұлғалар, жылу энергиясын өндіру процесінде өз мұқтаждарына суды тұтыну көлемі және ыстық сумен жабдықтау қызметтерін көрсету кезінде (ыстық сумен жабдықтаудың ашық жүйесі кезінде) үстемелеп толтыру көлемі шегінде жылу энергиясын өндірумен айналысатын ұйымдар, бекітілген нормативтік техникалық ысыраптар көлемінің шегінде жылу энергиясын берумен және бөлумен айналысатын ұйымдар және сумен жабдықтау және (немесе) су бұру саласында реттеліп көрсетілетін қызметтерді ұсынатын ұйымдар – бірінші топ;
2) өзге тұтынушылар – бірінші және үшінші топтардың құрамына кірмейтін заңды тұлғалар – екінші топ;
3) бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдар – үшінші топ.

Жеке тұлғаларды ресурс үнемдеуге ынталандыру мақсатында бірінші топтың сумен жабдықтаудың реттеліп көрсетілетін қызметтеріне тарифі тұтынушылардың мынадай санаттары бойынша сараланады:
1-кіші топ –1 адамға шаққанда айына 3 м3-ге дейін реттеліп көрсетілетін қызметтерді тұтынатын халық санатына жататын жеке тұлғалар;
2-кіші топ – 1 адамға шаққанда айына 3 м3-ден астамнан 5 м3-ге дейін реттеліп көрсетілетін қызметтерді тұтынатын халық санатына жататын жеке тұлғалар (20%);
3-кіші топ – 1 адамға шаққанда айына 5 м3-ден астамнан 10 м3-ге дейін реттеліп көрсетілетін қызметтерді тұтынатын халық санатына жататын жеке тұлғалар, жылу энергиясын өндіру процесінде өз мұқтаждарына су тұтыну көлемі және ыстық сумен жабдықтау қызметтерін көрсету кезінде (ыстық сумен жабдықтаудың ашық жүйесі кезінде) үстемелеп толтыру көлемі шегінде жылу энергиясын өндірумен айналысатын ұйымдар, бекітілген нормативтік техникалық ысыраптар көлемінің шегінде жылу энергиясын берумен және бөлумен айналысатын ұйымдар және сумен жабдықтау және (немесе) су бұру саласында реттеліп көрсетілетін қызметтерді ұсынатын ұйымдар (50%);
4-кіші топ –1 адамға шаққанда айына 10 м3-ден астам реттеліп көрсетілетін қызметтерді тұтынатын халық санатына жататын жеке тұлғалар және суды есепке алудың жеке аспаптары жоқ жеке тұлғалар (100%).

Тарифтерді қалыптастыру қағидаларының 272-1 тармағына сай, жалпы ауданның мөлшерін ескере отырып жылу энергиясын тұтынудың әлеуметтік лимиттерін белгілеу шеңберінде бірінші топ тұтынушылары, халық санатына жататын жеке тұлғалар үш кіші топқа бөлінеді:
1-кіші топ – халық санатына жататын жеке тұлғалар, жылытылатын аудан 100 м2 -ге дейін;
2-кіші топ – халық санатына жататын жеке тұлғалар, жылытылатын аудан 100-ден астам және 200 м2-ге дейін;
3-кіші топ – халық санатына жататын жеке тұлғалар, жылытылатын аудан 200 м2 -ден астам.

Жоғарыдағының негізінде, Департаментпен «Жамбыл Су» МКК, «Таразэнергоорталық» АҚ және «Жанатас су жылу» МКК-нің тарифтері бойынша тұтынудың әлеуметтік нормаларымен бекітілген.

Қ.Ә. Мүслім – ҚР ҰЭМ ТМРК Жамбыл облысы бойынша департамент басшысының орынбасары