Главные новости сегодня

Тараз
Курс:
К сведению 18 мар, 12:17

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы және әдеп нормаларын сақтау туралы

Жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамдардың, сондай-ақ оларға теңестірілген мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдардың арасында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында қатаң сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар көзделген.
Мәселен, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» ҚР Заңына сәйкес аталған адамдар заңнамада көзделген жағдайларды қоспағанда, қызметтік міндеттерін орындауға байланысты сыйлықтарды қабылдауға қатысты шектеулерді сақтауға міндетті.

Бұдан басқа, «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» ҚР Кодексіне сәйкес заңсыз материалдық сыйақы, сыйлықтар, жеңілдіктер немесе қызметтерді жеке өзі де, делдардар арқылы алуы алты жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

Сонымен қатар, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы» Заңына сәйкес ресми адамдардың лауазымдық өкілеттіктерін пайдалана отырып, мүліктік пайда, игіліктер не артықшылықтар алу үшін аталған адамдарға сыйлықтарды тарту етуі, қызметтік емес қызметтер көрсетуі және өздерінің мемлекеттік немесе соған теңестірілген функцияларын атқаруға байланысты қызмет бабында өздеріне тәуелді мемлекеттік қызметшілерден және өзге адамдардан жалпы қамқорлығы немесе қызмет бабында бетімен кетушілік үшін сыйлықтарды немесе көрсетілетін қызметтерді қабылдауы, мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылықтар болып табылады.

Бұл ретте, мемлекеттік қызметшіге хабардай етілмей келіп түскен, сондай-ақ ол тиісті функцияларын тармақшаны бұза отырып атқаруына байланысты алған сыйлықтар, сыйлық алған күннен бастап не мемлекеттік қызметшіге сыйлықтың келіп түскені туралы мәлім болған күннен бастап күнтізбелік жеті күн ішінде мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі органға өтеусіз берілуі тиіс.

Анықтама: сыйлықты мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті органға берген адам жоғары тұрған лауазымды адамды хабардар ете отырып, оны «Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес айқындалған құны бойынша, мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті органмен жасалатын сатып алу-сату шарты негізінде сатып алуға құқылы. 

Мемлекеттік қызметшілерге қоғам алдында бедел және беделді сақтауға бағытталған  моральдық-этикалық сипаттағы ерекше талаптар қойылғанын атап өткен жөн.

Азаматтардың мемлекеттік билік институтына деген сеніміне нұсқан келтіретін, негізделген сын тудыратын мінез-құлыққа жол берілмейді. Атап айтқанда, мемлекеттік қызметшілердің ойын-сауық орындарында болуы, алкогольді ішімдіктер ішу және құмар ойындарға (казино, ойын автоматтары, карталар және т. б.) қатысу мемлекеттік қызметтің имиджіне нұсқан келтіруі мүмкін.

Жоғарыдағы айтылғандарды ескере отырып, алдағы мерекелер қарсаңында, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнама талаптарын қатаң сақтау және қызметкерлерге заңсыз материалдық сыйақы алуға жол бермеу туралы талаптарды жеткізу қажеттігін еске саламыз.

Сондай-ақ, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген, және оларға теңестірілген барлық адамдар Әдеп кодексінің нормаларын мүлтіксіз сақтауы және қоғам тарапынан сынға ұшырауы мүмкін күмәнді іс-шараларға қатысудан бас тартуы қажет.

С.Ж.Мағзымбекова – ҚР ҰЭМ ТМРК Жамбыл облысы бойынша департаментінің бас маманы