Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаменті мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормаларын сақтау туралы семинар өткізді.
Семинар барысында Әдеп жөніндегі уәкілетті тұлға Салтанат Мағзымбекова Департамент қызметкерлерінің назарларына Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Әдеп жөніндегі уәкілі Еркінбек Абуовтың Әдеп кодексін сақтау жөніндегі әзірленген жадынамасын жеткізіп, мемлекеттік қызметшілерге жалпы қабылданған моральдық-әдептілік нормаларын ұстануға, қоғамға жат мінез-құлық, оның ішінде қоғамдық орындарда адамның қадір-қасиетін және қоғамдағы адамгершілікке нұқсан келтіретін масаң күйде болу жағдайларына жол бермеуге тиіс екендігі жөнінде айтып, түсіндірді.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, Мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексіне және Әдеп жөніндегі уәкілдер туралы ережеге сәйкес мемлекеттік қызметшілер мерекелік демалыс күндері қарсаңында Әдеп кодексін сақтауы, мемлекеттік қызметшілер қоғамдық орындарда мас күйінде болу, адамның қадір-қасиетін қорлау, заңнаманы бұзу, айналасындағылардың құқығы мен қауіпсіздігіне қол сұғу сияқты теріс мінез-құлық жағдайларына жол бермеуі, әрбір мемлекеттік қызметші жұмыстан тыс уақытта өзінің іс-әрекеті мен мінез-құлқы үшін жауап беретінін, ал кез-келген жағдайда этикалық қағидаттарды сақтау қоғамның мемлекеттік қызметке деген жоғары сенімінің негізі болып табылатынын есте ұстауы қажет.
Сондай-ақ, әлеуметтік желілерді пайдалану кезінде мемлекеттік қызметші интернет желісінің басқа пайдаланушыларымен әңгімелесуде дұрыс сөйлеуі, өз парақшасында құпия немесе басқа да жабық ақпаратты жарияламауы тиіс.
Сонымен қатар, мемлекеттік қызметшіге әлеуметтік желілердегі өз аккаунттарына көңіл көтеру орындарынан, шетелдік демалыс, аң аулау орындарынан, спирттік ішімдіктер фонында фото, бейне материалдарды салмау, әлеуметтік желілерде күдікті сілтемелерге өтпеуге кеңес берілді.
Жоғарыдағы баяндалғанды ескере отырып, келе жатқан мереке күндеріне байланысты, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және мемлекеттік қызмет саласындағы қолданыстағы заңнама талаптарын қатаң сақтау және бұзушылықтарға жол бермеу қызметкерлерге заңсыз материалдық сыйақы алуға жол бермеу туралы талапты жеткізу қажеттігі туралы ескертілді. Себебі сыйлықтар алудың салдары тәртіптік жауапкершілікке және әкімшілік жауапкершілікке әкеледі. Мемлекеттік қызметші алған сыйлықтарды жекешелендіру және мемлекеттік мүлік органдары жанынан құрылған арнаулы мемлекеттік қорға жеті күн мерзімде өтеусіз тапсырылуға жататынын есте ұстаған жөн.
С.Ж.Мағзымбекова Департамент қызметкерлерін адал қызмет етуге, сонымен қатар, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасын қатаң сақтауға, мемлекеттік қызметкерлер жұмыстарын адал атқаруға шақырып, мемлекеттік қызметшілерге Әдеп Кодексінде сынға себеп болатын, мемлекеттік органдардың қадір-қасиеті мен беделіне нұқсан келтіретін әрекеттер мен мінез-құлыққа жол бермеу бойынша моральдық-этикалық нормалардың ерекше талаптары қойылатынын, ал мемлекеттік қызметшілердің ойын-сауық орындарында болуы, алкогольдік ішімдіктер ішу және құмар ойындарға (казино, ойын автоматтары, карталар және т. б.) қатысуы қоғам тарапынан негізделген сынға алып келуі мүмкін екендігін атап өтті.
С.Ж.Мағзымбекова өз сөзін қорытындылай келе, Департамент қызметкерлеріне әдеп нормаларын қатаң сақтау жөнінде ескертті және мемлекеттік қызметкер өзінің мемлекеттік қызметші атына сай болуы қажеттігі туралы айтты.
Департамент басшысының орынбасары Қалдыбай Мүслім семинарды қорытындылай келе, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасының талаптарын және қызметтік этика стандарттарын сақтау барлық мемлекеттік қызметшілер үшін міндетті екендігін айтты.
Бұл ретте, мемлекеттік қызметшілер Әдеп кодексінің талаптарын қатаң сақтауы және жағымсыз және тыйым салынған іс-шараларға, оның ішінде қоғам тарапынан негізделген сынға жол беретін іс-шараларға қатысудан бас тартуы қажет екендігін ескертті.
С.Ж.Мағзымбекова – ҚР ҰЭМ ТМРК Жамбыл облысы бойынша департаменті заңнаманың сақталуын бақылау, талап – арыз және ұйымдастыру жұмысы бөлімінің бас маманы, Әдеп жөніндегі уәкілетті тұлға