Істі қазақ тілінде жүргізу керек деген мәселе 1997 жылы Тіл туралы Заң қабылданған сәттен бері және Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 5 қазандағы №4106 Жарлығымен бекітілген тілдерді қолданумен дамытудың мемлекеттік бағдарламасын 1998-2000 жылдар аралығында іске асыру барысында қоғамдық өмірдің барлық негізгі салаларында тіл құрылысы процестерінің одан әрі кеңейюі мен тереңдеуі үшін алғы шарттар жасалды.
Мемлекеттік тіл Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының, ұйымдарының және жергілікті өзін-өзі басқару органдарының жұмыс және іс қағаздарын жүргізу тілі болып табылады. Ол біздің сот жүйесінде де тікелей қатысты.
Тараз қаласы №2 сотында былтырғы жылдың статистикасына сүйенсек, 12836 кіріс құжаттар тіркелген. Оның 11329-ы - мемлекеттік тілде, яғни 88,26%-ды құраған. Ал шығыс құжаттар айналымында 15773 құжаттың 15703-і мемлекеттік тілде ресімделіп, 99,56%-ды құрады. Соттың өзінің ішкі құжаттар айналымы бойынша 418 құжаттың 407-сі мемлекеттік тілде жасалып, 94,66%-ды көрсетті. Жоғарыда көрсетілген былтырғы жылдың көрсеткіші биылғы жылы да тұрақты бақылауда болып, одан да нәтижелі толықтай 100%-дық деңгейге жеткізуді қолға алуды жоспарлап отырмыз.
Қылмыстық істер мен материалдардың легіне тоқталатын болсақ, 2024 жылы сотқа 554 іс түскен, оның 336-сы – мемлекеттік тілде, пайыздық көрсеткіш – 60,6%. Қаралып біткен істер саны 527, ал оның ішінде 313-і мемлекеттік тілде қаралған, яғни 59,3%.
Сотта қарауға түскен материалдардың жалпы саны 393, оның 230-ы мемлекеттік тілде ресімделіп берілген (58,5%). Ал қаралғандар саны 325, оның 187-сі мемлекеттік тілде, пайыздық көрсеткіш - 57,5%.
Қазақ тілі - біздің рухани негізіміз. Біздің міндетіміз - оны барлықсалада белсенді пайдалана отырып дамыту, тілдің қолданылу аясын арттыруға күш салу. Қазіргі таңда мемлекет тарапынан тілдік қорымызды үздіксіз жетілдіріп отыру үшін заңдар қабылданып, бағдарламалар жасалған. Осы мүмкіндіктерді пайдаланып мемлекеттік тілдің қолдану өрісін кеңейту өз қолымызда.
Тараз қаласы №2 сотының судьясы Б.Төребекұлы