Главные новости сегодня

Тараз
Курс:
К сведению 28 фев, 22:38

Сыбайлас жемқорлыққа қатысты мәдениетті қалыптастыру – заман талабы

«Коррупция» термині латын тілінің «corrutpere» деген сөзінен шығып мағынасы жағынан мемлекет организмін, «қоғамдық қарым-қатынастарды бұзу» дегенді білдіреді, «параға сатып алу» терминімен сәйкес, яғни лауазымды тұлғаның өз билігі өкілеттігі мен сеніп тапсырылған құқығын заңға және моральдық нормаларға қайшы келетін өтірік айту, бопсалаушылық, сөзбұйда жасау жолдарымен жеке бас пайдасы үшін пайдалануы.

Қазіргі кезде сыбайлас жемқорлық әлемнің кез-келген елінде оның саяси дамуына байланыссыз, оның ішінде Қазақстанда да, әлеуметтік құбылыс ретінде өмірін жалғастырып келеді, ол тек ауқымдылығымен ғна ерекшеленеді.

Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы  заңында сыбайлас жемқорлық - бұл «...жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамдардың, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдар адамдардың, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдардың өздерінің лауазымдық қызметтік өкілеттіктерін және соған байланысты мүмкіндіктерін жеке өзі немесе делдалдар арқылы жеке өзіне не үшінші тұлғаларға мүліктік  (мүліктік емес) игіліктер мен артықшылықтар алу немесе табу мақсатында заңсыз пайдалануы, сол сияқты игіліктер мен артықшылықтарды беру арқылы осы адамдарды параға сатып алу».

Сыбайлас жемқорлықты білдіретін белгілердің бірі пара алу не пара беру болып табылады.

Жемқорлықты жеңу мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарының бірі. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы орган жұмысының негізгі бағыты мемлекеттік қызмет көрсету спапасын арттыру болып табылады, өйткені бүгінде азаматтардың мемлекеттік органдармен жасайтын кез келген қарым-қатынасы, бір жағынан, сыбайластықтан құрылған қызмет түрін қабылдаумен байланысты. 

Тараз қаласы №2 сотының судьясы Қ.Дунбаев