Главные новости сегодня

Тараз
Курс:
К сведению 24 дек, 11:56

«Педагогикалық идеялар панорамасы-2024» конкурсының республикалық кезеңінің жеңімпаздары анықталды!

Конкурстың республикалық кезеңінің жеңімпаздары белгілі болғандықтан, Қазақстанның барша ұстаздары үшін көптен күткен сәт те келіп жетті. Барлық қатысушылардың ішінде облыстан бес мұғалім жүлделі орындармен (1 -1 орын, 1-2 орын, 3-3 орын) марапатталды.

Конкурс жеңімпаздары:
1. «Медиа-ақпараттық сауаттылық» номинациясы бойынша Тараз қаласы әкімдігінің білім бөлімі А.Пушкин атындағы №41 көпсалалы гимназияның педагог-сарапшысы, информатика пәнінің мұғалімі Абдуллаева Шолпан Заевна 3 орын;
 
2. «Қаржылық сауаттылық» номинациясы бойынша Тараз қаласы әкімдігінің білім бөлімі А.Пушкин атындағы №41 көпсалалы гимназияның экономика пәнінің мұғалімі Баталина Татьяна Вячеславовна 2 орын;
 
3. «Цифрлық сауаттылық» номинациясы бойынша Тараз қаласы әкімдігінің білім бөлімі А.Пушкин атындағы №41 көпсалалы гимназияның информатика пәні мұғалімі Беридзе Мұрат Абдуллаұлы 1 орын;
 
4. «Оқу сауаттылығы» номинациясы бойынша Тараз қаласы білім бөлімінің №40 гимназиясының орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Подлесная Оксана Юрьевна 3 орын;
 
5. «Экологиялық сауаттылық» номинациясы бойынша Меркі ауданы білім бөлімінің №16 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Рахишова Мәншүк Бурабайқызы 3 орын;

Сонымен қатар, екі қосымша диплом ютубте көп лайк жинағаны және ең үздік экологиялық бейне жоба болғаны үшін берілді.

Бұл педагогтер конкурс материалын жоғары кәсіби деңгейде ұсына отырып, өз идеяларын шығармашылық ізденіспен жеткізе білді әрі басқаларды оқу процесінде өзгерістер енгізуге шабыттандырды.

Конкурстың барлық жеңімпаздары 2024 жылдың 21 желтоқсанында Астана қаласында өткен салтанатты рәсімде марапатталды.

Тайтолеу Бегаулов «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы «Жамбыл облысы бойынша Кәсіби даму институты» ақпараттық жүйелер және СММ тобы PR, SMM бас маманы