Главные новости сегодня

Тараз
Курс:
К сведению 27 авг, 22:58

«Мемлекеттік тілді – мемлекеттік деңгейде дамыту жолдары»

Тәуелсіздік алғалы бері қоғамдық қызу талқылаудың тақырыбына арналған басты мәселенің бірі – тіл мәртебесі. Әр халықтың басты байлығы, баға жетпес қазынасы – ана тілі.

Қазақстан Республикасының негізгі тілі – мемлекеттік тілді құрметтеу, әрқайсысымыздың парызымыз.

1993 жылы қабылданған тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш Конституциясында қазақ тілі - мемлекеттік тіл болып бекітілді. 

Қазақстан Республикасы Конституцияның 7-бабында «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік тіл - қазақ тілі» деп бекітілген.
Сондай-ақ, мемлекет Қазақстан халқының тілдерін үйрену мен дамыту үшін жағдай жасау туралы қамқорлықты өзіне алады. 

Қазақстанда тілдердің қолданылуын реттейтін басқа құжат -  1997 жылдың 11 шілдесінде қабылданған «Қазақстан Республикасындағы тiл туралы» Заң. Онда «Мемлекеттік тіл - мемлекеттiң бүкiл аумағында қоғамдық қатынастардың барлық саласында қолданылатын мемлекеттiк басқару, заң шығару, сот iсiн жүргiзу және iс қағаздарын жүргiзу тiлi. Қазақстан халқын топтастырудың аса маңызды факторы болып табылатын мемлекеттiк тiлдi меңгеру - Қазақстан Республикасының әрбiр азаматының парызы» деп көрсетілген. 

Мемлекеттік тіл көпұлтты мемлекетте халықтың ұлттық құрамына қарамай іс-қағаздарын, мектеп пен жоғары оқу орындарында оқыту, мәдениет, баспасөз бен байланыс орындарында, құқық қорғау мен әскери бөлімдерде, сот істерін жүргізу және т.б. міндетті деп саналатын саяси-құқықтық қасиеті бар мәртебелі тіл. 

Қоғамның іргелі дамуымен қатар, мемлекеттік тілдің сот өндірісінде қолдану аясы, берік орнығуы, оның сапалық және сандық үлесінің артуы да аса маңызды. Сот ісін жүргізу тілінің мәні өте зор, өйткені сот ісін жүргізу тілі қағидатын іске асыру арқылы азаматтардың қай ұлтқа жататындығына қарамастан сот алдындағы теңдігі қамтамасыз етіледі.

Қазір істердің мемлекеттік тілде жүргізілу сапасына бұрынғыдан да жоғары талап қойылуда. Шығарылатын сот актілерінің сапалық деңгейін кемелдендіру, жақсарту бағытында көптеген жұмыс атқарылуда.

Сот төрелігін жүзеге асыруда мемлекеттік тілді қолдануды жетілдірудің алғышарттарына талап қоюды мемлекеттік тілде беру, мекемелер арасында хат алмасуды толығымен мемлекеттік тілде жүргізу жатады.

Сонымен қатар, жергілікті орындарда сотқа дейінгі материалдар мен істер қазақ тілінде тіркеледі, мемлекеттік тілдегі құжаттардың сапалы әзірленуі сотта үнемі қадағаланып отырады. Мемлекеттік органдардан соттарға жіберілетін қазақ тіліндегі құжаттардың сапасына жоғары талап қойылуда. 

Қорыта келгенде, «Тілге деген құрмет – халыққа деген құрмет». Демек, әрбір қазақстандық мемлекеттік тілді құрмет тұтып білуі тиіс. Тіл мәртебесі – ел мерейі. Ана тіліміздің мәртебесін үстем етіп, еліміздің мерейін көтерейік!

Жамбыл облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты әкімшісінің бас маман -сот отырысының хатшысы- Б.Ризабекқызы.