Главные новости сегодня

Тараз
Курс:
К сведению 23 июл, 20:08

«Сот кабинеті мобильдік қосымшасы»

Жоғарғы Сот онлайн сервистердің пайдаланылуына сот процесіне қатысушылар мен азаматтардың пікірін ескеріп, тұрақты негізде мониторинг жүргізеді. «Сот кабинеті» негізгі онлайн сервистердің бірі болып табылады.

Сервис жетілдірілуде және сот жүйесінің басты электрондық сервисі ретінде өзге бейнеден көрінуде. Азаматтарға ыңғайлы болуы үшін сот бұйрығын шығаруға арналған арызды жіберуге сервисті бөлек шығарған, сондай-ақ:
- жеңілдетілген тәртіппен шығарылған шешімнің күшін жою туралы арыз;
- мемлекеттік бажды  қайтаруға арыз;
Арыздар мен шағымды жіберу үшін пайдаланушы өтініштің ұсынылған нысанын толтырып, қоса берілетін құжаттардың сканерленген көшірмелерін жүктеуі және электрондық цифрлық қолтаңбамен қол қойып, тиісті сот органына жіберуі қажет.

Осылайша, пайдаланушыға сотқа барудың және кезекте тұрудың қажеті жоқ. Бұл азаматтардың уақытын және қаржы шығындарын айтарлықтай үнемдейді. Сондай-ақ кез келген ыңғайлы уақытта өтініштің және істің қаралу барысын қарап шығуға болады.

Соттардың халықпен екіжақты өзара іс-қимылына және тұтастай алғанда сот  ісін жүргізуді оңайлатуға арналған «Сот кабинеті» бірыңғай, көп функциялы терезе рөлін атқаратын болған.

Жамбыл облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьясы - Е.А.Калымханов.