Главные новости сегодня

Тараз
Курс:
К сведению 22 июн, 10:17

Атқарушылық іс жүргізуді қозғау

Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларына сәйкес Әділет органдары атқарушылық құжаттарды орындау саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру жөніндегі функцияларды жүзеге асырады.

Аталған бағыт азаматтардың өмірінде алатын орны ерекше әлеуметтік маңызы бар бағыттардың бірі болып табылады.
 
Атқарушылық құжаттарды орындау саласында әділет органдарымен «Өндіріп алушының өтініші бойынша атқарушылық құжаттың негізінде атқарушылық іс жүргізуді қозғау» мемлекеттік қызметі ҚР Әділет министрінің 2020 жылдың 29 мамырындағы №69 бұйрығымен бекітілген қағидаларды басшылыққа ала отырып көрсетіледі.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін азаматтарға жеке жүгіну, Электронды үкіметтің веб-порталы, «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпарациясы арқылы белгіленген нысандағы өтініш және атқарушылық құжатты өткізу жеткілікті болып табылады.
 
Сонымен қатар, жалпы атқару өндірісі бойынша сұрақтар туындаған жағдайда Жамбыл ауданы, Аса ауылы, Абай көшесі, 127 мекен жайы бойынша Жамбыл ауданаралық мәжбүрлеп орындату аумақтық бөліміне жүгінуге болады.

Жамбыл ауданаралық мәжбүрлеп орындату аумақтық бөлімінің басшысы-аға сот орындаушы М. Кожамжаров