Әділет департаментінің қызмет бағыттары келесі болып табылады:
- коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу, құжаттарға апостиль қою, сот актілерін орындау, нотариат салаларында мемлекеттік қызмет көрсету.
-құқықтық насихатты жүргізу;
-нотариустардың, адвокаттардың, жеке сот орындаушылардың, заң кеңесшілердің қызметтеріне әдістемелік сүйемелдеуді жүргізу;
-зияткерлік меншікті қорғау;
- келесі қызметтерге әдістемелік сүйемелдеу және профилактикалық бақылау жүргізу:
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамымен жылжымайтын мүлікке құқықтарды және заңды тұлғаларды тіркеу салаларында мемлекеттік қызметтерін көрсету бойынша;
Жергілікті атқарушы органдарымен хал актілерін тіркеу саласында мемлекеттік қызметтерді көрсету бойынша.
Және келесі бағыттар бойынша үлестіру жұмыстар жүргізеді:
Жамбыл облысы бойынша сот сараптамалары институтының, жеке сот орындаушыларының өнірлік палатасының, нотариаттық палатасының, адвокаттар алқасының, заң кенесшілер палатасының.
Тіркеу қызметі саласында
Азаматтарға ыңғайлы болу үшін ағымдағы жылы азаматтық хал актілерін тіркеу, жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу және заңды тұлғаларды тіркеу салаларында мәліметтерді өзектендіру бойынша жаңа мемлекеттік қызмет түрі 1 жұмыс күнінде көрсетілу мерзімі енгізілді.
Адвокатура және заң консультанттары салалары бойынша:
ҚР Әділет министрінің 2023 жылдың 2 маусымдағы №361 бұйрығымен Адвокат, заң консультанты көрсеткен, мемлекет кепілдік берген заң көмегіне ақы төлеудің және құқықтық консультация беруге, қорғауға және өкілдік етуге, сондай- ақ татуластыру рәсімдерін жүргізуге байланысты шығыстарды өтеу қағидаларына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.
Алдыңғы кезеңде адвокаттар мен заң консультанттарының мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсетуі бойынша ақы минутпен есептеліп төленген болса, енгізілген өзгерістерге сәйкес ендігі кезеңде адвокаттар мен заң консультанттарының ақысы сағаттық жүйеде есептелетін болады.
Сот актілерін орындау әділет органдарының маңызды салаларының бірі болып табылады. Әділет органдарымен сот актілерін орындауды жақсартуға бағытталған барлық шаралар жүзеге асырылуда.
Сот орындаушысы Л. Бейсенбинова