Главные новости сегодня

Тараз
Курс:
К сведению 27 мая, 13:05

Мемлекеттік тіл

Мемлекеттік тіл - көпұлтты мемлекетте халықтың ұлттық құрамына қарамай іс қағаздарын, мектеп пен жоғары оқу орындарында оқыту, мәдениет, баспасөз бен байланыс орындарында, құқық қорғау мен әскер бөлімдерінде, сот істерін жүргізу т. б. міндетті деп саналатын саяси-құқықтық қасиеті бар мәртебелі тіл. Мемлекеттік тілді жан-жақты дамыту және оның қолдану аясын кеңейту үшін мемлекет тарапынан белгілі бір уақытқа жоспарланған жан-жақты бағдарламалар жасалады. Мемлекеттік тіл әрдайым мемлекеттің қорғауында және оның қамқорлығында болады. 

Тіл халық қазынасы, ұлттың жаны. Тілдің мәселесі - ұлттың мәселесі. Мемлекеттік тілдің мерейін асыру мақсатында мемлекеттік қызметте қажырлы жұмыс атқарылуда. Барлық шығыс құжаттары мен мемлекеттік мекемелермен хат алмасу мемлекеттік тілде жүзеге асырылады. Соның ішінде соңғы кезде, сот жүйесінде мемлекеттік тілдің өрісін кеңейтуге, оның баптарының жүзеге асырылуының бағдарламаларының жасақталғаны, Мемлекет басшысының тіл саясатында дұрыс бағыт ұстап, қолдау танытып отырғаны көпке мәлім. Аталған әрекеттердің бастауы, мемлекеттік мекемелерде қазақ тілін оқып үйретуді дұрыс жолға қою болып табылатыны сөзсіз.

Сот жүйесінде мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту - тілге жанашыр, азаматтарға тікелей байланысты екенін жадымызға сақтап, соны іске асыруға жұмыла кіріссек, мәселе оңынан шешіледі деген сенімдемін.

Тіл-адам баласының ғана емес, ұлттың, халықтың, қоғамның болмысын көрсететін құбылыс.Адамзаттық құндылықтар қатарында тіл ғылымнан да, мәдениет пен өнерден де бұрын аталады. Ғылым да, мәдениет те, өнер де, материалдық игіліктер де, саясат та тілдің қатысумен жасалады. Тілдің адамның жан-дүниесіне өлшеусіз әсер ете алатын құдіреті саяси теттік ретінде ертеден-ақ пайдаланған.

Сондықтан мемлекеттік тілді ұлттық идея етіп, сол тілді қолданып, сол тілде сөйлеп, елімізге адал қызмет етіп, ана тілімізді құрметтейік.

Тараз қаласының әкімшілік құқық бұзушылқытар жөніндегі мамандандырылған соты әкімшісінің жетекші маман Ш.Раева.