Главные новости сегодня

Тараз
Курс:
К сведению 15 мая, 21:16

ҰЛЫ ОТАН СОҒЫСЫ ЖАЙЫНДА.

Ұлы Отан соғысы тарихымыздағы ең ауыр кезеңдердің бірі болды. Ол туралы әрбір жан біледі, қанды және аяусыз соғыстың қасіретін ұмыту мүмкін емес. Ұлы Отан соғысы – бүкіл әлем тарихындағы ең қорқынышты әскери қақтығыс. Жеңіске жету үшін халқымыз үлкен қиындықтардан өтті. Соғыс 4 жылға созылып, Кеңес Одағында өмір сүрген әрбір төртінші адам көз жұмды. Бұл қиын заманда КСРО халықтары бірігіп, жауға тойтарыс бере алды. Қазіргі ұрпақ бізге ашық аспан мен бейбітшілік сыйлаған адамдарға ризашылық білдіруі керек, өйткені олардың жасаған ерлігі болмаса біз өмір сүре алмас ек. Ұлы Отан соғысына қатысқандардың саны азайып келеді, сондықтан, халқы үшін жанын пида еткен ата-бабаларымызды құрметтейік. Соғыс кезінде өз өмірін аямай, фашистерге қарсы соғысқан қазақтың батырлары өте көп болды. Ардагерлеріміздің ерлігін ұмытпағанымыз жөн, себебі тарихын ұмытқан халықтың болашағы жоқ. Биылғы статистикалық мәліметке сүйенсек, Жамбыл облысында небары 8 ғана ҰОС ардагерлері қалған екен. Олардың ішінде 3-еуі қазақ, 4-еуі орыс ұлтының ардагерлері. Бір ардагеріміз - әйел азаматы. Биыл Ұлы Жеңіс күні қарсаңында сол әрбір ардагерге 1.5 млн теңгеден мерекелік сыйақы беріліп, үлкен құрмет көрсетілді. Бұл адамдардың қаһармандығы, жас ұрпаққа үлгі болады деп сенемін!

Тараз қаласы №2 сотының судьясы Н.Дауылбаев