К сведению
18 апр, 14:35
Қарындасының мазасын алғаны үшін, ерекше талаптар белгілене отырып 10 тәулікке әкімшілік қамаққа алынды.
Тараз қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотымен ӘҚБтК-нің 461 б. 1 б. (ішкі істер органы шығарған қорғау нұсқамасын бұзу) бойынша азамат Н-қа қатысты әкімшілік іс қаралды
Сотпен анықталғандай, азамат Н. алкогольден масаң күйінде наурыз 2024 жылы Тараз қаласы өз үйінде қарындасы С. мазасын алып, жанжал туғызып, дөрекі сөйлеген, осылайша ол 10 наурыз 2024 жылғы ішкі істер органымен шығарылған қорғау нұсқамасын бұзған.
Сот отырысында Н. өз кінәсін мойындап, хаттамада көрсетілген дәлелдерді растаған.
ӘҚБтК-нің 54 бабына сай ішкі істер органдарының өтінішхаты қанағаттандырылуға жатақан, Н-қа жаңадан құқық бұзушылық жасауының алдын алу мақсатында, әкімшілік ықпал ету үшін құқық бұзушының мінез-құлқына ерекше талаптарды қосымша белгілеуді қажет деп санады.
ӘҚБтК-нің 461 б. 1 б. бойынша ішкі істер органы шығарған қорғау нұсқамасын бұзу - он тәулікке әкімшілік қамаққа алуға алып келеді.
Әкімшілік құқық бұзушылық үшін жауаптылықты жеңілдететін және ауырлататын мән-жайлар іс бойынша табылған жоқ.
Сот қаулысымен Н. ӘҚБтК-нің 461 б. 1 б. кінәлі деп танылып, оған 10 тәулікке әкімшілік қамаққа алу түріндегі әкімшілік жаза қолданылды.
ӘҚБтК-нің 54 бабының талаптарына сай, арнайы талап қою туралы өтінішхаты қанағаттандырылып, Н-тың мінез-құлқына төмендегі ерекше талаптар қолданылды:
- жәбірленушінің еркіне қарамастан, оны іздестіруге, оның ізіне түсуге, оған баруға, онымен ауызша, телефон арқылы сөйлесуге және өзге де тәсілдермен байланыс жасауға,
- алкогольдік ішімдік ішуге, есірткі, психотроптық заттарды қолдануға тыйым салуды.
Н-тың 3 (үш) ай бойы, Тараз қаласы полиция басқармасы учаскелік тірек пунктіне, айына бір реттен төрт ретке дейін, әр аптаның жұма күндері сағат 18.00-21.00 аралығында келіп тұру міндеті жүктелді.
Қайнар: Тараз қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотының баспасөз-қызметі