Тараз қаласы №2 соты мемлекеттік орган өкілдері мен сот орындаушыларының қатысуларымен «Сот актілерін орындау мәселелері» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.
Жиынды ашқан сот төрагасы Е.Дүйсенбаев сот актілерінің орындалуы құқықтық тәжірибенің ең маңызды бөлігі екенін, заңды күшіне енген сот актілерінің ҚР аумағында қатаң орындалуы міндетті және орындалмаған жағдайда заңмен көзделген жауапкершілік қарастырылғанын мәлімдеді.
Жиынға қатысушы сот әкімшісінің басшысы Ж.Кутумбетова өз кезегінде сот актілерін орындау барысында туындайтын қиындықтар мен мәселелерге тоқталса, бас маман Г.Ахалиева соттың іс жүргізуіндегі 2008 жылдан бергі қаралған қылмыстық істер бойынша орындалмай жатқан сот актілерінің дайындалған тізбесіне талдау жасады.
Жиын барысында прокурор А.Деляшова сот актілерінің дер кезінде және тиісінше орындалмауы мемлекет мүдделерінің бұзылуына әкеп соғатынын айта отырып, прокуратура тарапынан сот актілерін орындау бойынша қадағалау мен бақылау күшейтідгенін және сот актілері негізсіз қайтарылған жағдайда сот орындаушыларын заңмен көзделген жауапқа тарту мәселесі қарастырылып жатқанын сөз етті.
Жеке және мемлекеттік сот орындаушылар Б. Пралиев, Е.Кенбаевтар да жиында сот актілері бойынша аткару кұжаттарын орындаусыз қайтару жане тоқтату тәртіптері мен себептеріне түсіндірме жасады.
Іс шара сонында орындалмай тұрған сот актілері бойынша бірыңғай тәжірибелік бағытта бірлесіп жұмыс жасау тетіктері қарастырылып, ортақ шешімдер қабылданды.
Тараз қаласы №2 сотының баспасөз қызметі.