Главные новости сегодня

Тараз
Курс:
К сведению 26 янв, 17:26

Атқару өндірісінің жүргізу жаңалықтары

Еліміздің Ата заңында аталғандай Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық, әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырғаны белгілі 

Ал құқықтық мемлекеттің мемлекеттік басты сипаты болып табылатын заңдардың биліктілігін, үстемділігін қамтамасыз ету өз кезегінде тиісінше жан-жақтылық пен табандылықты, ерекше жігерлікті талап етеді. Осыған сәйкес Қазақстанда сот құқықтық реформа сот және судьяның тәуелсіздігін, судьяның тәуелсіздігін, судьяның әділдігі мен алалықсыздығын қамтамасыз етуге, судьяның қабылданған заңдардың қоғамда әрекет етуінің кепілі ретінде болуына бағытталған. Сонымен қатар, мүдделі тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін іс жүзінде қорғауды қамтамасыз ету мақсатында сот актілерін орындау бойынша тиімді іске асатын жүйе құруға әділет органдары бірқатар жұмыстар атқаруда.
Күні кеше ҚР Әділет министрлігі Республикалық жеке сот орындаушылар палатасымен бірлесіп, Тараз қаласында оңтайландырылған атқарушылық өндірісті енгізу бойынша пилоттық жобаны іске қосты.
 
Пилоттық жобаға сәйкес, азаматтар салынған айыппұлды уақытында өтей алмаған жағдайда, айыппұлдың 25%-ға дейінгі соммасын жеке сот орындаушыға төлеуге міндетті болатын. Ендігі кезекте бұл қызметті робот тегін атқаратын болады.
 
Жүйе келісідей алгоритммен жұмыс жасайды:
1. ҚР Бас Прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті 50 күн ішінде төленбеген әкімшілік құқық бұзушылық үшін айыппұл сомасын өндіріп алу туралы ұйғарым жібереді.
2. Робот 5 күнтізбелік күн ішінде талапты орындау қажеттілігі туралы SMS хабарлама жібереді.
3. Айыппұл бойынша ерікті төлем болмаған жағдайда, жүйе жеке сот орындаушысына мәжбүрлеп орындауға атқару парағын ұсынады.
4. Төлем уақтылы жүргізілсе, атқарушылық іс жүргізу артық шығынсыз тоқтатылады.
Жоба сәтті жүзеге асатын болса, оны бүкіл Қазақстан аумағына енгізу жоспарланған.

Әділет органдарының аталған жобасы тиімді жұмыс атқарып, еліміздің азаматтарының қаражаттарын үнемдеуге көп септігін тигізеді деген сенімдемін...

Жамбыл ауданаралық сот актілерін орындау жөніндегі аумақтық бөлімінің сот орындаушысы М.Кожамжаров