Енді қазақстандықтар сенімхаттарды электронды түрде рәсімдеуге мүмкіндік алды
Егер бұрын сенімхатты ресімдеу үшін құжатқа қол қою және нотариус куәландыру үшін клиенттің жеке қатысуы талап етілсе, енді нотариаттық сенімхат азаматтарға eGov Mobile арқылы қолжетімді болады, ал болашақта ол бірқатар банктік қосымшаларда да пайда болады. «Цифрлық сенімхат» деп аталатын онлайн режимде клиенттің нотариуспен бейне байланысы арқылы рәсімделеді.
Бұл қызметті кез келген нотариус өтініш берген сәтте еркін көрсете алады. Цифрлық сенімхатты барлық мемлекеттік органдарда немесе талап ету орны бойынша қағаз аналогымен теңестіруге болады.
2. 2023 жылдың маусым айында Әділет министрлігімен Республикалық нотариаттық палатамен бірлесіп eGov Mobile қосымшасына «Нотариаттық онлайн консультация» сервисін енгізді.
Бұл сервис білікті заңгерлік көмекке мұқтаж адамдар үшін тиімді құрал болмақ.
Онлайн кеңес беру арқылы азаматтар үйден немесе кеңседен шықпай-ақ нотариаттық қызметке байланысты құқықтық сұрақтарға жауап ала алады. Нотариустар нотариат саласы бойынша кез келген сұрақтарға жауап береді. Бұл уақытты үнемдеуге және уақытылы сенімді ақпарат алуға мүмкіндік береді.
Жобаның мақсаты – нотариаттық қызмет көрсетудің ыңғайлылығын, жеделдігі мен тиімділігін арттыру.
Сонымен қатар, ауыл тұрғындары сенімхаттарды куәландыру, өсиеттерді куәландыру, құжаттар көшірмелерін, өтініштерге қойылған қолдың түпнұсқалығын куәландыру қызметтерін ауыл округі әкімі аппараттарының мамандарына жүгіну арқылы алуға болады.
Бұл қызмет түрі Сіздердің уақыттарыңызды және материалдық шығындарыңызды бірқатар үнемдейді.
Жамбыл облысы әділет департаменті