Главные новости сегодня

Тараз
Курс:
К сведению 20 ноя, 12:58

Қызметтік әдеп нормаларын сақтау – мемлекеттік қызметшілердің басты міндеті

Мемлекеттік қызметші әр түрлі қоғам мүшелерінің өкілдерімен жұмыс істейтіндіктен аса үлкен дайындықпен қызмет атқаруы тиіс 

Қызмет орнында өзін-өзін ұстай білу, сыртқы бейнесі мен киім үлгісі тәртіпке сай болуын қадағалау, қимыл-әрекеттерін әңгіме кезінде қолдана білу анық әрі түсінікті түрде сөйлей білу–осылардың барлығы жалпы қабылданған этика жүйелеріне жатады
 
Мемлекеттік қызметші үшін өзіне шектен тыс сенімді болу, қызметтестеріне, бағыныштылары мен келушілерге шыдамсыздық көрсету – үлкен қателік. Талап қоя, сұрай білу де – мемлекеттік қызметшінің кәсіптік имиджінің моральдық кодексінін талаптарының бірі. Талап ету – сенім білдірумен, сыйлаумен сабақтасып жатуы қажет. Мемлекеттік қызметшіге қажет бір қасиет – тыңдай білу. Тыңдай білу сөйлеушінің сөзін бөлмей мақұлдау ғана емес, оның ойына ортақтасу. Сөйлеп отырған адамға тыңдаушының бет құбылысы: бейтарап отыр ма, жалығып кетті ме, әлде қызығып, көмектесуге дайындалуда ма бәрі әсер етеді. Мемлекеттік қызметші болу, бұл – адамдармен тең қарым – қатынаста болу, кез келген жағдайдан жол таба білу, өз сезімін басқара білу.

Сондай ынтамен тыңдамақ. Белсенді тыңдай отырып, мәселе бойынша орынды сұрақтар қоя білу – адамның көзін жеткізудің маңызды бір бөлігі.
 
Мемлекеттік қызмет туралы әркез айтылып келеді. Халқымызда «айтылмаса сөздің атасы өледі» деген қанатты сөз бар. Қайталау білімнің анасы деп жатады. Осы орайда, мемлекеттік қызметтің маңызы мен мәні туралы әрдайым айтылуы мемлекеттік қызмет табалдырығын енді аттаған жастардың біліктілігін шыңдап, өз жұмысына деген махабат ұялататындығы сөзсіз.

Жамбыл облысы әділет департаменті