Главные новости сегодня

Тараз
Курс:
К сведению 17 ноя, 14:16

Мемлекеттік қызметшілерінің этика нормалары

Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексіне сәйкес Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет қоғам өмірінде ерекше рөл атқарады, қоғамның тыныс-тіршілігін қамтамасыз етуден және қоғамдық мүдделерді ең жақсы және тиімді түрде қанағаттандырудан тұрады. 

Мемлекеттік қызмет қоғам мүддесіне адал болуға және Қазақстан Республикасы халықтарының бірлігі мен ұлтаралық келісімді нығайтуға жәрдемдесуге, мемлекеттік және басқа тілдерге, салт-дәстүрлеріне құрметпен қарауға міндеттейді.

Мемлекеттік қызметті атқару мемлекет мен қоғам тарапынан ерекше сенім білдіру болып табылады және де мемлекеттік қызметшілердің қызметтік этикасына жоғары талаптар қояды.

Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп стандарттарын белгілейді және қоғамның мемлекеттік органдарға деген сенімін нығайтуға, өзара қарым-қатынастардың жоғары мәдениетін қалыптастыруға және парасаттылық атмосферасын құруға, сондай-ақ мемлекеттік қызметшілердің этикалық емес мінез-құлық жағдайларының алдын алу үшін бағытталады.

Жамбыл облысы Әділет департаментінің жетекші маманы А.М. Елдекенов