Главные новости сегодня

Тараз
Курс:
К сведению 13 ноя, 17:13

АДВОКАТҚА ЖҮГІНГЕН КЕЗДЕ ЗАҢ КӨМЕГІН КӨРСЕТУ ШАРТЫН ЖАСАСУДЫҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ

Азаматтық кодекске сәйкес шарт деп екі немесе бірнеше адамның азаматтық құқықтар мен міндеттерді белгілеу, өзгерту немесе тоқтату туралы келісімі танылады

Заң қызметтерін көрсетуге арналған шарт азаматтық - құқықтық жауапкершілік шарты болып табылады және тараптар - адвокат пен оған жүгінген тұлға (Клиент) арасында туындаған қатынастарды бекітеді.

«Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» Заңға сәйкес заң көмегін көрсетуге шарт жасасу міндетті болып табылады және Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады(47-бап).

Шарт еркіндігі қағидаты Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде бекітілген, оған сәйкес азаматтар мен заңды тұлғалар шарт негізінде өздерінің құқықтары мен міндеттерін белгілеуде және оның заңнамаға қайшы келмейтін кез келген талаптарын айқындауда еркін болады.

Әдетте, шартты адвокат жасайды, сондықтан кейбір жосықсыз заңгерлер шартта өздері үшін қолайлы жағдайларды қамтамасыз ететін талаптарды көздейді, бұл одан барлық ықтимал жауапкершілікті алып тастай алады.
 
Шарт әрқашан екі тараптың мүдделерін міндеттерді жауапсыз атқарудан қорғауы керек, сондықтан осы құжатқа қол қоюдан бұрын мұқият оқып, оған ерекше назар аудару керек. Егер шарттың қандай да бір талаптары Клиентті қанағаттырмаған жағдайда, онда ол оларды өзгертуді немесе алып тастауды талап етуге
құқылы, олай болмаған жағдайда Клиент басқа адвокатқа жүгінуге құқылы.
 
«Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» ҚР Заңында адвокаттың заң көмегін көрсету туралы шарт жасасуының мынадай тәртібі айқындалған(Заңның 5-бабы).
 
Шарт адвокат пен заң көмегіне жүгінген адам арасында екі данада жазбаша түрде жасалады, бір данасы Клиентке беріледі. Шартта адвокаттар көрсететін заң көмегіне ақы төлеудің және қорғау мен өкілдік етуге байланысты шығыстарды өтеудің мөлшері мен тәртібі көрсетіледі. Бұл ретте тиісті қаржы құжаты берілмей адвокат заң көмегіне, оның ішінде ауызша заң консультацияларына және тапсырманы орындауға байланысты шығыстарға ақы төлеу есебінен адвокатқа қолма-қол ақша алуға тыйым салынады. адвокатқа
Шартта мынадай мәліметтер көрсетілуге тиіс:
- қорғаушы не өкіл ретінде тапсырманы орындауды қабылдаған адвокаттың тегі, аты және әкесінің аты;
- өзі мүшесі болып табылатын адвокаттық қызметті және адвокаттар алқасын ұйымдастыру нысаны. Адвокат өз қызметін адвокаттар алқасында құрылатын заң консультациясында не заңды тұлғаны тіркемей жеке-дара жүзеге асыруға, сондай-ақ дербес немесе басқа адвокаттармен бірлесіп адвокаттық кеңсе құруға, сондай-ақ кәсіптік қызметті жеке-дара жүзеге асыруға құқылы.
- тапсырманың мәні. Келісімшартта заңды қызметтердің тізбесі, олардың мазмұны жазылуы өте маңызды. Мысалы: кеңес беру, сотқа талап арыз жасау, сотта мүдделерді білдіру (соттың атауы, инстанция), мемлекеттік және мемлекеттік емес органдарда мүдделерді білдіру, құжаттарды жинау, түпкілікті процестік шешім қабылданғанға дейін мүдделерді білдіру, айыпталушының/жәбірленушінің қорғаушысы ретінде қылмыстық іс бойынша тергеу әрекеттеріне қатысу (ТАӘ) және т. б.;
- Тараптардың құқықтары мен міндеттері;
- шартты бұзу тәртібі мен талаптары.
Шарт жасасу кезінде адвокат істің нәтижесіне немесе адвокаттық қызметтің сәттілігіне байланысты заң көмегіне ақы төлеу мөлшерін айқындауға болмайды, өйткені бірде-бір адвокат істің оң нәтижесіне кепілдік бере алмайды.
Бұл ретте адвокат шарт жасасқан тұлға шарт бойынша төлемді жүргізеді.
Клиенттің талап етуі бойынша адвокат заң көмегін көрсету туралы жазбаша шарттың орындалуы туралы есеп беруге міндетті. Кез-келген заң көмегін көрсету кезінде адвокат өзінің кәсіби міндеттерін орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін кәсіби мүліктік жауапкершілік көтеретінін атап өткен жөн.

Адвокат Шартқа сәйкес заң көмегі көрсетілетін үшінші тұлғаларға зиян келтіру салдарынан туындайтын міндеттемелер бойынша кәсіптік жауапкершілікті сақтандыру шартын жасасуға міндетті және кәсіптік жауапкершілікті сақтандыру шарты болмаған кезде оны көрсетуге кірісуге құқығы жоқ.
Сақтандыру төлемі адвокат немесе заң консультанты абайсызда мынадай кәсіби қателіктер жасаған жағдайда жүргізіледі: процестік мерзімдерді өткізіп алу; құжаттарды дұрыс ресімдемеу; шартқа сәйкес заң көмегі көрсетілетін тұлғаға зиян келтіруге алып келген, жасалатын заңдық әрекеттердің салдарлары туралы оған хабарламау; сақтанушы (сақтандырылған тұлға) заң көмегін көрсету үшін клиенттен алған құжаттардың жоғалуы немесе бүлінуі; адвокаттық құпияны құрайтын мәліметтерді құқыққа сыйымсыз жария ету.

Адвокатпен заңгерлік қызмет көрсету туралы келісім-шарт адвокат пен клиент арасында сенімді қарым-қатынас орнатуға негіз болып табылады, сонымен қатар сапалы білікті көмек көрсетуге ықпал етеді.
 
Шарт талаптарының орындалмауы және адвокат атқармаған қаламақыны қайтару туралы даулар сот тәртібімен қаралады.

Жамбыл облысы Әділет департаменті