«Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – заң) сәйкес 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап адвокаттар мен Заң консультанттарының кәсіптік жауапкершілігіне міндетті сақтандыру енгізілді, бұл азаматтарға сапасыз заң көмегін көрсеткен жағдайда сақтандыру өтемін алуға мүмкіндік береді.
Заңының 36 бабының 1 тармағына сәйкес адвокат шартқа сәйкес заң көмегі көрсетілетін үшінші тұлғаларға осындай көмек көрсету нәтижесiнде зиян келтiру салдарынан туындайтын мiндеттемелер бойынша кәсіптік жауапкершiлiгiн сақтандыру шартын жасауға міндетті. Адвокат кәсіптік жауапкершiлiгiн сақтандыру шарты болмаған кезде заң көмегін көрсетуге кірісуге құқылы емес.
Заңының 77 бабының 1 тармағына сәйкес заң консультанты шартқа сәйкес заң көмегі көрсетілетін үшінші тұлғаларға зиян келтіру салдарынан туындайтын міндеттемелер бойынша кәсіптік жауапкершілікті сақтандыру шартын жасасуға міндетті. Заң консультанты кәсіптік жауапкершілікті сақтандыру шарты болмаған кезде заң көмегін көрсетуге кірісуге құқылы емес.
Адвокаттардың немесе заң консультанттарының кәсіптік жауапкершілікті сақтандыру шартын жасасуының мақсаты азаматтарды өздерінің кәсіптік міндеттерін тиісінше орындамаған кезде адвокаттар мен Заң консультанттарының сапасыз қызметтерінен қорғау шарасы болып табылады. Адвокат және заң консультанты клиенттерге мүліктік залалдың алдын алу үшін қажетті шараларды қабылдауға міндетті.
Айта кету керек, кәсіби қателіктер мыналар: (процестік мерзімдерді өткізіп алу, құжаттарды дұрыс ресімдемеу, шартқа сәйкес заң көмегі көрсетілетін тұлғаға зиян келтіруге алып келген, жасалатын заңдық әрекеттердің салдарлары туралы оған хабарламау, сақтанушы (сақтандырылған тұлға) заң көмегін көрсету үшін клиенттен алған құжаттардың жоғалуы немесе бүлінуі, адвокаттық құпияны құрайтын мәліметтерді құқыққа сыйымсыз жария ету түсініледі).
Адвокаттар мен заң консультанттары Заңның 33-бабы 7-тармағының 7) тармақшасына және 76-бабы 4-тармағының 8) тармақшасына сәйкес клиенттің талап етуі бойынша кәсіптік жауапкершілікті сақтандыру шартының көшірмесін ұсыну қажеттігін хабарлаймыз.
Жамбыл облысы Әділет департаменті