Главные новости сегодня

Тараз
Курс:
К сведению 23 июл, 17:12

Мемлекеттік тіл – ұлтты біріктіруші фактор

Ана тілі дегеніміз – сол тілді жасаған, жасап келе жатқан халықтың өткені, бүгінгісі, болашағы. Халықтың тәуелсіздігінің ең басты белгісі – оның ана тілі, ұлттық мәдениеті. Өзінің ана тілі, ұлттық мәдениеті жоқ ел өз алдына мемлекет болып өмір сүре алмайды. Дүниедегі барлық халық тәуелсіздікке ұлттық қадыр-қасиетін, мәдениетін, ана тілін сақтап қалу үшін ұмтылады. Сондықтан кез келген мемлекет өзінің аумағында салт-дәстүрін, ана тілін айрықша қорғайды. Еліміз Қазақстан Республикасы егемен ел атанды. Ана тілімізге мемлекеттік мәртебе берілді. Тіл туралы заң қабылданды. Президентіміздің 2003 жылғы 15 қарашадағы жарлығымен қыркүйектің үшінші жексенбісі Қазақстан Республикасы халықтары тілдерінің күні ретінде атап өтілетін болды. Тіл адамдар арасындағы қатынас құралы, өйткені адамдар қоғамдық өмірде бір-бірімен тіл арқылы сөйлеседі, пікір алмасады, ойын жеткізеді. Тіл арқылы біз оқып, білім аламыз, қалаған мамандықты игереміз. Тіл халықпен бірге жасайды, дамиды, өркендейді.

Тіл қашан да мемлекеттің –  ең асыл қасиеті, табан тірейтін тұғырлы темірқазығы. Тіл де жанды нәрсе сияқты, қалыптасады, дамиды, өркендейді, өседі немесе құлдырайды, кемиді, өшеді, жойылады. Тіл – ұлттың тірегі. Ол – жан дүниеңді ашып көрсететін мөлдір айнаң. Осы айна бетіндегі тоталитарлық жүйе түсірген дақты кетіріп, дидарымызды анық көруге ұмтылғалы да 20 жылдан асты.

Мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыру – еліміздегі мемлекеттік саясаттың ең маңызды бағыттарының  бірі.  Қазақстан Республикасының Конституциясы әрбір қазақстандықтың тілдік мәртебесін арттыруға барлық ұйымдастырушылық, материалдық-техникалық жағдайлар туғызуды жүктейді.

«Мемлекеттік тілді қолдану мен дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» қоғамдағы тіл проблемаларын шешу  жөніндегі кезек күттірмейтін шаралар қабылдауға мемлекеттік қолдаудың қажеттілігімен айқындалады. Ал тіл проблемасын оңтайлы шешу -  ұлтаралық қатынастар үйлесімділігінің, халықтардың топтасуы мен қоғамдық келісімді нығайтудың факторы болып табылады.

Бұл орайда ең басты бағыт - тіл саласында нормативтік құқықтық базаны қалыптастыру, «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының орындалуын қажетті ғылыми - әдістемелік, материалдық – техникалық және кадрлық ресурстармен қамтамасыз ету, тілдердің, ең алдымен мемлекеттік тілдің еліміздің  қоғамдық өмірінде қызмет ету аясын кеңейту, мемлекеттік тілді дамыту, оның қоғам өмірінің барлық салаларында , әсіресе ғылым, білім, мәдениет, бұқаралық ақпарат құралдары, мемлекеттік басқару, сот ісін жүргізу, халықаралық қатынастар салаларында белсенді қызмет етуіне қажетті алғышарттар қалыптастыру, ресми іс жүргізуді мемлекеттік тілге кезең-кезеңмен көшірудің нақты негізін жасау.  Екінші бір маңызды бағыт – ел азаматтарының мемлекеттік тілді еркін және тегін меңгеруіне қажетті қаржылық, ұйымдастырушылық, материалдық – техникалық жағдайлар жасау, мемлекеттік тілді оқыту мен үйрету әдістемелерінің сапасын жақсарту. Тілдің мектепке дейінгі балалар мекемелерінен бастап жоғары оқу орындарына дейінгі күллі білім беру жүйесінде оқытылуындағы сабақтастықты қамтамасыз ету, тілдерді оқытудың төлтума бағдарламалары мен жаңа технологияларын әзірлеу.  
Мемлекеттік тілдің қолдану аясын барған сайын кеңейтіп, оны шын мәніндегі қоғамдық қарым-қатынас тілі ету бүгінгі күн талабы екендігі баршамызға белгілі. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» дейді халық даналығы. Ендігі мақсат – тәуелсіз мемлекетіміздің қоғам өмірінің барлық саласында қазақ тілін кеңінен қамтамасыз ету.

Сонымен қатар, Елбасымыздың «Қазақ тілінің мемлекеттік қызметте де, өндірісте де, ғылымда да, білім беруде де дәл орыс тілінше қолданылуы үшін бәрін істеу қажет» - деп қадап айтқан пікірі баршамыздың берік ұстанатын қағидамыз болуға тиіс.


Жамбыл облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының судьясы З.А.Габоева