Главные новости сегодня

Тараз
Курс:
К сведению 14 июл, 15:45

Жерге орналастыру меншік нысанына тиесілігіне және оларда шаруашылық жүргізу нысанына қарамастан, барлық санаттағы жерде жүргізіледі.

Жерге орналастыру мыналарды қамтиды:

1.ландшафтық – экологиялық көзқарас негізінде жерге орналастырудың, жерді аймақтарға бөлудің республикалық, облыстық және аймақтық жобаларын және жер ресурстарын пайдалану, жақсарту және қорғау бағдарламаларын әзірлеуді;

2.қолданыстағы жер пайдалануды қалыптастыру және ретке келтіру жөніндегі шаруашылық аралық жерге орналастыру жобаларын жасауды, белгілі бір жерде жер учаскелерін бөліп беру мен шекарасын белгілеуді, жер учаскесіне меншік құқығына және жер пайдалану құқығына құжаттар жасауды;

3.белгілі бір жерде елді мекендердің шекарасын анықтау мен белгілеуді, олардың жер шаруашылық орналастыру жобаларын жасауды;

4.белгілі бір жерде әкімшілік-аумақтық құрылымдардың, ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың және жерді пайдалану мен қорғаудың ерекше шарттары бар басқа да жер учаскелерінің шекарасын белгілеуді;

5.жерге орналастыру, бүлінген жерді жаңғырту мен жаңа жерді игеру жобаларын, сондай-ақ жерді пайдалану мен қорғауға байланысты басқа да жобалар әзірлеуді;

6.жерді түгендеу ісін жүргізуді, пайдаланылмай жатқан, ұтымды пайдаланылмай жүрген немесе нысанасы мақсатында пайдаланылмай отырған жерді анықтауды;

Жерге орналастыру жұмыстарын орындау тәртібі мен технологиясы жер ресурстарын басқару жөніндегі орталық уәкілетті орган бекітетін норматив тік құқықтық актілермен белгіленеді, олар жерге орналастыру жұмыстарын орындаушылардың барлығы үшін міндетті.

Жерге орналастыру кезеңдері:

·жерге орналастыру ісін жүргізуді бастау;

·дайындық жұмыстары;

·жерге орналастыру болжамдарын, схемаларын, бағдарламалары мен жобаларын әзірлеу;

·жерге орналастыру құжаттамасын қарау, келісу және бекіту;

·жерге орналастыру жобасын орындау.

Мемлекеттік жер кадастрыҚазақстан Республикасы жерінің табиғи және шаруашылық жағдайы, жер учаскелерінің орналасқан жері, нысаналы пайдаланылуы, мөлшері мен шекарасы, олардың сапалық сипаттамасы туралы, жер пайдаланудың есепке алынуы мен жер учаскелерінің кадастрлық құны туралы мәліметтердің, өзге де қажетті мәліметтердің жүйесі болып табылады.

Мемлекеттікжер кадастрыжұмысы:

1.жер учаскесінің кадастрлық ісін қалыптастыруды;

2.жердің мөлшері мен сапасын есепке алуды;

3.жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдалануды, сондай-ақ жер құқығы қатынастарының басқа да субъектілерін есепке алуды;

4.мемлекеттік тіркеу мақсаты үшін жер учаскелерін есепке алуды;

5.жерді мемлекеттік кадастрлық бағалау;

6. жер учаскелері мен олардың субъектілері туралы деректер банкін, сондай-ақ басқа да жер – кадастрлық ақпаратты қағаз бетінде және электрондық түрде жинақтауды, өңдеу мен жүргізуді;

7. мемлекеттік жер кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесін құру мен жүргізуді;

8. жер – кадастр карталарын, оның ішінде цифрлық карталарды дайындау мен жүргізуді.

 

 

 

 

Т.Рысқұлов аудандық тіркеу және жер

кадастр бөлім басшысының орынбасарыО.Умирбеков