Главные новости сегодня

Тараз
Курс:
К сведению 08 июл, 15:47

Сот актілерінің орындалу мәселелері

Сот актілерін орындамау, сонымен бірге сотқа құрмет көрсетпеу заңмен көзделген жауапкершілікке әкеп соғады. Ал заңды күшіне енген сот актілерін орындамауға байланысты, бұзылған құқықтарды сотта қорғау процесі мағынасыз болып қалып, сот төрелігіне қол жеткізу құқығы жүзеге аспайтындығын айтып өтті.
 
Сондай-ақ, ол сот шешімдерінің толық әрі уақтылы орындалуы сот билігінің беделін ғана емес, мемлекеттің мәртебесін де айқындайтындықтан аталған мәселеге жауапкершілікпен қарау керек екендігін түсіндірді.

Қылмыстық істер бойынша процессуалдық шағындар, жәбірленушілерге өтемақы қорына қаржы өндіру, заттай дәлелдемелердің жойылуы, іске қатысты дәлелдемелердің қолхат арқылы иелеріне қайтарылу жұмысы соңына дейін жеткізіліп, істің мұрағатқа өткізілуі үнемі бақылануда. Сотталушылардың, құқықбұзушылардың процессуалдық шығындар, жәбірленушілерге өтемақыны өндіру, айыппұлдарды уақытылы төлеу кешіктіріледі, алайда сот актісін орындау қажеттілігінен істерді аяғына дейін жеткізіп мұрағатқа өткізу өндірістік жұмыстардың бірі.

Сот шығарған актіні заңды тұлғалардың орындау міндеттілігі Қазақстан Республикасы Қонституциясында, сондай-ақ ҚР Қылмыстық – процестік кодексінің, нормаларында көрсетілген.

Сот актілерінің орындалуы құқықтық тәжірибенің ең маңызды бөлігі болып табылады, мұның өзі мемлекеттегі сот төрелігінің тиімділігін көрсетеді, сот шешімдерінің толық әрі уақытылы орындалуы сот билігінің беделін ғана емес, сонымен бірге мемлекеттің мәртебесін де айқындайды.
Тараз қаласы №2 соты жеке сот орындаушыларға, мемлекеттік сот орындаушыларға, полиция бөлімдеріне ай сайын сот актісі орындалуын қажеттілігі туралы еске салу хаттарды жіберіп, мәлімет ретінде жоғары басшылылыққа жолдайды. Осындай тәртіппен сот актілерін орындалуын тездету жұмыстары жүргізілуде. Бұл- өндірістік жұмыстың негізі тәсілдерінің бірі.

Сот актілерін орындалуы бойынша жұмыс атқаратын жеке сот орындаушыларымен,  үнемі онлайн- семинарлар, жиналыстар өткізіліп, осы мәселеге қатысты пікір алмасулар болып, ұсыныстар жасалады. Осы бағытта жұмыстар одан әрі де өз жалғасын таба береді.

Автор: Тараз қаласы №2 сотының судьясы Н.Дауылбаев