Главные новости сегодня

Тараз
Курс:
К сведению 10 июн, 12:28

Мүлікке құқықтарды уақытылы тіркеу

Қазіргі уақытта азаматтардың өз меншігіндегі жылжымайтын мүліктерін тіркеу мүмкіндіктері жоғарылап, кедергілері мен айыппұл ретіндегі жауапкершіліктері жеңілдетілген.
 
Бұл орайда, Жылжымайтын мүлікке құқықтарды (ауыртпалық) мемлекеттік тіркеу барысында меншік иелерінің ҚР «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы» Заңының (әрі қарай – Заң) 9 бабының талаптарына сәйкес, тұлға құқық (құқық ауыртпалығы) туындауы үшін негіз болып табылатын заңдық факт басталған, оның ішінде шартты нотариат куәландырған, сот шешімі күшіне енген, өзге де құқық белгілейтін құжаттар берілген кезден бастап алты айдан кешіктірмей мемлекеттік тіркеу туралы өтінішпен жүгінуге міндетті болатын.

Сонымен қатар, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекстің (әрі қарай – Кодекс) 460 бабының 1 тармағына сәйкес, Жеке және (немесе) заңды тұлғалардың жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеуге құжаттарды берудің "Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген мерзімін бұзуы – ескерту жасауға әкеп соғады. 

Сондай – ақ, 2 тармаққа сәйкес, Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған дәл сол әрекет – жеке тұлғаларға – он, заңды тұлғаларға жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

Бұл дегеніміз, жоғарыда аталған заңнама талаптарын бұзған тұлғаларға әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалары толырылып, құқық бұзушыларға ескерту немесе айыппұл түрінде жауапкершілікке тартылып отырды.

Ал қазіргі уақытта, 2021 жылдың 26 қаңтарындағы № 412 - VI Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жылжымайтын мүлікке құқықтарды және заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Заңының негізінде, Кодекстің 460 бабы мен Заңның 9 бабы қолданыстан алынды.

Жылжымайтын мүлікке құқықтарды (ауыртпалық) тірке барысында алты айлық мерзімінен кешіктірген жағдайда жауапкершіліктер қарастырылмаған.
Алайда, Заңның 7 бабының 1 тармағына сәйкес, Осы Заңның 4, 5 және 6-баптарына сәйкес құқықтық кадастрда міндетті мемлекеттік тіркеуге жататын жылжымайтын мүлікке құқықтар (құқықтар ауыртпалықтары), егер осы Заңда және өзге де заңнамалық актілерде өзгеше көзделмесе, олар мемлекеттік тіркелген сәттен бастап туындайды.
 
Егер тіркеуден бас тартылмаса, мемлекеттік тіркеу сәті болып өтініш берген сәт танылады.
 
Электрондық тіркеу кезінде жылжымайтын мүлікке құқықты (құқық ауыртпалығын) мемлекеттік тіркеу кезі тіркеуші органның жүргізілген тіркеу туралы хабарлама жіберуі арқылы оның туындауын, өзгеруін немесе тоқтатылуын растау кезі болып табылады.
 
Жылжымайтын мүлік нысандарға туындаған құқықтарды дер кезінде тіркеуге ұсынып, тіркемеген жағдайда сатушы тарапынан екінші тұлғаға сату немесе нысанның үшінші тұлғаға өту мен өзекті құқықтық мәселелер туындауы мүкін. 
 
Осыған орай, әр – бір тұлға жылжымайтын мүлік нысандарына туындаған құқықтарын (ауыртпалық) уақытылы мемлекеттік тіркеуге ұсынылуы қажет.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ-ң Жамбыл облысы бойынша филиалының Тіркеу басқармасының бас сарапшысы Ш. Смаилов