Главные новости сегодня

Тараз
Курс:
К сведению 10 мая, 09:55

Салық төлеушілер назарына!

Қоршаған ортаны ластағаны үшін төлемдер

Қоршаған ортаға эмиссия үшiн төлемақы Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасына сәйкес жүзеге асырылатын арнайы табиғат пайдалану тәртiбiмен қоршаған ортаға эмиссия үшiн алынады.

Қоршаған ортаға эмиссияны жүзеге асыратын тұлғалар төлемақы төлеушілер болып табылады.
Заңды тұлға өз шешімімен өзінің құрылымдық бөлімшесін осындай құрылымдық бөлімшенің қоршаған ортаға эмиссиясының көлемі бойынша төлемақыны дербес төлеуші деп тануға құқылы.

Шаруа немесе фермер қожалықтары үшін арнаулы салық режимі қолданылатын қызметті жүзеге асыру нәтижесінде қалыптасатын қоршаған ортаға эмиссиялар бойынша шаруа және фермер қожалықтары үшін арнаулы салық режимін қолданатын салық төлеушілер төлемақы төлеушілер болып табылмайды.

Салық салу объектісіне:
1) ластаушы заттардың шығарындылары;
2) ластаушы заттардың төгінділері;
3) өндіріс пен тұтынудың орналастырылған қалдықтары;
4) мұнай операцияларын жүргізу кезінде түзілетін, орналастырылған күкірт түрінде қоршаған ортаға эмиссиялардың, оның ішінде қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган және оның аумақтық органдары Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасының сақталуына тексерулерді (мемлекеттік экологиялық бақылау) жүзеге асыру нәтижелері бойынша белгіленген нақты көлемі салық салу объектісі болып табылады.

Төлемақы мөлшерлемелері салық кодексінің кодексінің 577-бабы 2-тармағының ережелері ескеріле отырып, республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және салықтық кезеңнің бірінші күніне қолданыста болатын еселенген АЕК мөлшерінде айқындалады.

Төлемақы сомасын төлеушілер қоршаған ортаға нақты эмиссия көлемдерiн және белгіленген төлемақы мөлшерлемелерін негiзге ала отырып есептейдi.

Тараз қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы.

Бас маман  Буркитова Л.