Главные новости сегодня

Тараз
Курс:
К сведению 17 июн, 16:17

О работе пилотных проектов

Судьи Жамбылского областного суда Гульнара Асылбек и Динара Нурлыбаева выступили на площадке областного телевидения «Jambyl» с разъяснениями о ходе реализации и достижениях действующих в судах пилотных проектов Верховного Суда Республики Казахстан «Семейный суд» и «Примирение до суда, в суде»

В эфире программы «Первая студия» судьи подчеркнули, что все проекты Верховного Суда реализуются в целях модернизации судебной системы в рамках Плана нации «100 шагов» и Программы «Рухани жангыру», Посланий Первого Президента-Елбасы Нурсултана Назарбаева в 2018 году и Президента Касым-Жомарта Токаева 2 сентября 2019 года.

О новшествах, реализуемых в вопросах защиты семьи и детства в рамках реформирования судебной системы соответствия ее международным стандартам рассказала судья-координатор проекта «Семейный суд» в регионе Г. Асылбек. Спикер разъяснила роль местных социальных органов в вопросах защиты семьи и детства в пилотном проекте. 

- Только справедливый суд позволит максимально обеспечить в правовом поле защиту прав и законных интересов ребенка, семьи. Сегодня при рассмотрении семейно-брачных споров суды не ограничиваются только их разрешением по существу. Они, взаимодействуя с рабочей группой «Бастау», созданной по инициативе Жамбылского областного суда,  принимают меры по оздоровлению семейных отношений, сохранению семьи и примирению сторон, - отметила судья. 

Г. Асылбек подробно разъяснила порядок проведения примирительных процедур с семейными парами, обратившимися в суд и рабочую группу, акцентируя внимание на налаженное межведомственное взаимодействие местных исполнительных органов, государственных и общественных организаций для пропаганды культа семьи.

Координатор проекта «Примирение до суда, в суде» в Жамбылской области Д. Нурлыбаева озвучила основные направления Закона Республики Казахстан «О внесении изменений и дополнений в Гражданский процессуальный кодекс Республики Казахстан по вопросам внедрения современных форматов работы судов, сокращения излишних судебных процедур и издержек» от 10 июня 2020 года. 

- Главная цель сегодняшних изменений состоит в оптимизации судебного процесса изнутри. Через эти изменения сократятся процессуальные издержки сторон. Важность последних поправок в том, что пересмотрены ключевые подходы к роли судьи, она позицианируется как активная, без ущерба принципу состязательности процесса; изменены  такие консервативные правовые конструкции, как совещательная комната и протокол судебного заседания; регламентировано использование в судебном процессе гаджетов. В общем, гражданское судопроизводство становится более современным, используется более рациональный подход к организации судебного процесса, - отметила спикер. 

Вместе с тем, судья подчеркнула, что принятый закон предусматривает изменения процедуры проведения примирительных процедур в гражданском судопроизводстве. В частности, продлен срок принятия иска до 10 рабочих дней. Указанный срок будет применим лишь в случае, когда обе стороны согласны на медиацию. Если соглашение об урегулировании спора достигнуто, судья примет иск и рассмотрит вопрос об утверждении соглашения. Если стороны не приходят к соглашению, то дело будет разрешаться в общем порядке.

Спикерами приведены статистические данные по спорам в сфере брачно-семейных отношений и разрешения судебных дел посредством примирительных процедур. 

В прямом эфире телезрители задавали судьям интересующие их вопросы и получили на них исчерпывающие ответы.

Пресс-служба Жамбылского областного суда


Судьялар «Татуласу: сотқа дейін, сотта» және «Отбасылық сот» пилоттық жобаларының жұмысы туралы «Бірінші студия» эфирінде айтып берді 

Бүгін, Жамбыл облыстық сотының судьялары Гүлнара Асылбек пен Динара Нұрлыбаева «Jambyl» облыстық телеарнасының алаңында Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының «Отбасылық сот» және «Татуласу: сотқа дейін, сотта» пилоттық жобаларының іске асырылу барысы мен жетістіктері жайлы айтып берді.

Судьялар Жоғарғы Соттың барлық жобалары «100 қадам» Ұлт жоспары мен «Рухани жаңғыру» бағдарламасы, Тұңғыш Президент-Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың 2018 жылғы және Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2019 жылғы 2 қыркүйектегі Жолдаулары шеңберінде сот жүйесін жаңғырту мақсатында іске асырылып жатқанын атап өтті.

«Отбасылық сот» жобасының үйлестірушісі - судья Г.Асылбек сот жүйесін реформалау аясында отбасы мен балалықты қорғау мәселелерінде іске асырылып жатқан жаңалықтар туралы, пилоттық жобада жергілікті әлеуметтік органдардың отбасы мен баланы қорғаудағы рөлі туралы айтты. «Тек әділ сот қана баланың, отбасының құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды барынша қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Бүгін, отбасылық-неке дауларын қарау кезінде соттар оларды мәні бойынша шешумен ғана шектелмейді. Олар Жамбыл облыстық сотының бастамасымен құрылған «Бастау» жұмыс тобымен бірлесе отырып, отбасылық қатынастарды сауықтыру, отбасын сақтау және тараптардың татуласуы бойынша шаралар қабылдайды», - деп атап өтті судья.

Г.Асылбек сотқа және жұмыс тобына жүгінген отбасылық жұптармен татуластыру рәсімдерін өткізу тәртібін егжей-тегжейлі түсіндірді, отбасының табынуын насихаттау үшін жергілікті атқарушы органдардың, мемлекеттік және қоғамдық ұйымдардың қалыптасқан ұйымаралық өзара іс-қимылына назар аударды.
Жамбыл облыстық сотында іске асып жатқан «Татуласу: сотқа дейін, сотта» жобасының үйлестірушісі-судья Д.Нұрлыбаева 2020 жылғы 10 маусымдағы «Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексіне сот жұмысының заманауи форматтарын енгізу, артық сот рәсімдері мен шығындарын қысқарту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының негізгі бағыттарын атап өтті. «Бүгінгі өзгерістердің басты мақсаты сот процесін ішінен оңтайландыру болып табылады. Осы өзгерістер арқылы тараптардың іс жүргізу шығындары қысқарады. Соңғы түзетулердің маңыздылығы мынада: 1) судья рөліне қатысты негізгі тәсілдер қайта қаралды, ол процестің жарыспалылығы принципіне нұқсан келтірмей, белсенді ретінде позицияланды; 2) кеңесу бөлмесі мен сот отырысының хаттамасы сияқты консервативті құқықтық құрылымдар өзгертілді; 3) сот процесінде гаджеттерді пайдалану реттелді. Жалпы, азаматтық сот ісін жүргізу заманауи болып, сот процесін ұйымдастырудың тиімді тәсілі пайдаланылады», - деп атап өтті спикер.

Сонымен қатар, судья айтып өткендей қабылданған Заң азаматтық сот ісін жүргізуде бітімгерлік жүргізу рәсімдерін өзгертуді көздейді. Атап айтқанда, талап арызды қабылдау мерзімі 10 жұмыс күніне дейін ұзартылды. Көрсетілген мерзім екі тарап медиацияға келіскен жағдайда ғана қолданылады. Егер дауды реттеу туралы келісімге қол жеткізілсе, судья талап арызды қабылдайды және келісімді бекіту туралы мәселені қарайды. Егер тараптар келісімге келмесе, онда іс жалпы тәртіппен шешілетін болады.

Спикерлер неке отбасылық қатынастар және татуластыру рәсімдері арқылы сот істерін шешу саласындағы даулар бойынша статистикалық деректерді келтірді.
Тікелей эфирде телекөрермендер судьяларға өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, оларға толық жауаптар алды.

Қайнар: Жамбыл облыстық сотының баспасөз қызметі