Главные новости сегодня

Тараз
Курс:
К сведению 28 фев, 16:35

Жержәне төлеутәртібі. Жеңілдіктер. Өзгерістер

Бұрынғы жылдары жеке тұлғалардың жеке меншігіндегі тұрғын үй-жайларының, көп қабатты үйлердегі пәтерлерінің салыққа арналған бағалу құнына қатысты, тиісті шамалау кестесі мөлшерімен мүлік салығы ал, оның жері мен тұрғын, т.б., бөлмелерінің жалпы алаңына-көлеміне қарай жер салығы жылда салынып келді. Жалға немесе, кондоминиммудыққа, көлікжайға, үй-жай салуға берілген жерге, ал үй-жай құрылысы салынып оның қабылдау актысы жасалмаған бос жерге қатысы жоқ, бұларға жеңілдік жүрмейді, болмайды және жылда салық салынады, алынады. Жеңілдікті пайдаланатын Ұлы Отан соғына қатысқан немесе оған теңестірілгендермен, І, ІІ және 2017 жылдан бастап ІІІ топтағылардың иелігіндегі жеке меншік тұрғын үй-пәтерлері мен жайларына салыққа арналған жылжымайтын мүлік құнының сомасы 3403500 теңгеден, ал «КО Батыры», «Еңбек Ері», «Қаһарман», «Отан», көп балалы : «Алтын алқа», «Ардақты Ана» иегерлері мен жеке (барлығы қарттар болып ; ХҚКО/ЦОН/-нан тұратын мекен-жайы туралы анықтама, ал «КСК»-дан немесе көше комитетінен болмаса тұрғын үй мекемесінен яғни, мекен-жайы : Қарасу /5/ шағын ауданы, № 24 жайдан, отбасы құрамы жайлы анықтама бойынша) тұратын зейнеткерлердіке 2405000теңгеден аспайтын болса мүліктің (асқан сомаға салық салынады демек толық босатылмайды) және жеке меншік жерінің салығынан, сондай-ақ, бала жастан мүгедек болған баласымен бірге тұратындар жерден ғана босатылады. Жалға немесе, кондоминимудыққа, көлікжайға, үй-жай салуға берілген жерге, ал үй-жай құрылысы салынып бітпеген бос жерлердің қала орталығынан бастап бес (5) аймақтардың аралығында жатқан жеріне қарай жылда әрбір шаршы метірі /м2/ үшін; І - 13.76, ІІ - 11.92, ІІІ - 10.55, ІV - 10.09, V - 9.17 теңгеден салық салынады, алынады. Сондай-ақ, әрбір м2 үшін : үй мен жайдың құрылысы, пәтердің жалпы алаңына 0.81 тиыннан, үй жанындағы бау-бақша және бағбандық пен саяжайға 1000 шаршы метр аралығында 0.20 тиыннан ал, асса 6.00 теңгеден салық салынады. Жалдық жердің салығын төлеу мерзімі ; жылда 25-ші ақпанда аяқталады. Себебі, есептелген салық қаржысы мемлекеттік бюджетке уақтылы түспеуде.
 
ТАРАЗ ҚАЛАСЫ БОЙЫНША МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР БАСҚАРМАСЫНЫҢ «Өндірістік емес төлемдер бөлімі У.Абдикаримова