Егемендiк алғалы берi азаматтық қорғаныс жүйесiнiң қазiргі бар әлеуетi табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою үшiн кең қолданылды. Нарықтық экономика жағдайла рында жеке меншiк иелерi есебiнен азаматтық қорғаныстың қазiргi инженерлiк құрылыстарын, сондай-ақ кәсiпорындарда орнатылған хабарлау жүйелерi ұстау қиынға соқты. Жаңадан салынып жатқан объектiлерде панажайлар салу жүргізiлмей отыр.
Халыққа арналған жеке қорғану құралдарын, олардың сандық құрамын тиiмдi caқтaу және облыс бойынша аумақтық бөлу мәселелерi шешiлмеген.
Азаматтық қорғаныс саласындағы түрлi оқыту бағдарламалары (алғашқы әскери дайындық, азаматтық қорғаныс, жол қауiпсiздiгi, өрт қауiпсiздігі, тыныс-тiршiлiк қауiпсiздiгi негiздерi, медициналық дайындық және басқалар) көбiнесе бiр бiрiмен еш байланысы жоқ жүйесiз енгізiледi. XXI ғасырдың басында адамзат халықаралық терроризм мен экстремизм сияқты тағы да бiр қатерлi арандатушылыққа аяқ басты. Террористердiң осы заманғы техниканы, радиациялық-химиялық және биологиялық қауiптi заттар мен материалдарды пайдалана алатын, сондай-ақ техногендiк төтенше жағдайларды қолдан жасай алатын мүмкiншiлiктерiнiң болуы террорлық әрекеттердiң, әсiресе химиялық және биологиялық шабуылдардың жасалуы кезiнде олардың зардаптарын жоятын күштердiң (қызметтердiң) материалдық-техникалық базасын одан әрi нығайтуды талап етедi.
Азаматтық қорғаныс республиканың бүкiл аумағында аумақтық-өндiрiстiк принцип бойынша ұйымдастырылады. Азаматтық қорғаныс шараларын орындауды Қазақстан Республикасының орталық, жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдары, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдары, Қазақстан Республикасының Азаматтық қорғаныс ұйымдары, басқару органдары мен күштерi және азаматтары жүзеге асырады.
Азаматтық қорғаныс бойынша дайындық осы заманғы зақымдау құралдарының дамуы және аталған аумақта, салада немесе ұйымда барынша ықтимал төтенше жағдайлар ескерiле отырып, алдын ала жүргiзiледi. Азаматтық қорғаныс шараларын кешендi түрде және саралап жүргiзу мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейтiн тәртiппен азаматтық қорғаныс бойынша қалаларды топтарға, ал ұйымдарды санаттарға жатқызу маңыздылық дәрежесiне қарай жүзеге асырылады. Азаматтық қорғаныс шараларын ұйымдастыру мен жүзеге асыруға Қазақстан Республикасының орталық, жергiлiктi атқарушы органдарының және ұйымдардың басшылары жауапты болады.
Чингиз МИРШАКИРОВ, Жамбыл облысы Әділет департаментінің Жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу жұмысын ұйымдастыру бөлімінің бас маманы