Главные новости сегодня

Тараз
Курс:
К сведению 31 июл, 16:51

ТІРКЕЛГЕН САЛЫҚ

Салық кодексінің 545 бабына сәйкес тіркелген салықты төлеушілер болып: 
1) бiр ойыншымен ойын өткiзуге арналған ұтыссыз ойын автоматы;
2) бiреуден көп ойыншының қатысуымен ойын өткiзуге арналған ұтыссыз ойын автоматы;
3) ойын өткiзу үшiн пайдаланылатын дербес компьютер;
4) ойын жолы;
5) карт;
6) бильярд үстелi;
7) уәкілетті ұйымның айырбастау пункті табылады. 

Мыналар: 
1) бiр ойыншымен ойын өткiзуге арналған, ұтыссыз ойын автоматы; 
2) бiреуден артық ойыншылардың қатысуымен ойын өткiзуге арналған, ұтыссыз ойын автоматы; 
3) ойын өткiзу үшiн пайдаланылатын дербес компьютер; 
4) ойын жолы; 
5) карт; 
6) бильярд үстелi тіркелген салық салу объектiсi болып табылады. 

Айына салық салу объектісінің бірлігіне тіркелген салықтың ең төмен және ең жоғары базалық мөлшерлемелерінің мөлшері:

Р/с

Салық салу объектісінің атауы

Тіркелген салықтың базалық мөлшерлемелерінің ең төмен мөлшері (айлық есептік көрсеткіш-термен)

Тіркелген салықтың базалық мөлшер-лемелерінің
ең жоғары мөлшері (айлық есептік көрсеткіш-термен)

1

2

3

4

1.

Бiр ойыншымен ойын өткiзуге арналған ұтыссыз ойын автоматы

1

12

2.

Бiреуден көп ойыншының қатысуымен ойын өткiзуге арналған ұтыссыз ойын автоматы

1

18

3.

Ойын өткiзу үшiн пайдаланылатын дербес компьютер

1

4

4.

Ойын жолы

5

83

5.

Карт

2

12

6.

Бильярд үстелі

3

25

7.

Уәкілетті ұйымның Астана немесе Алматы қалаларында орналасқан айырбастау пункті

30

100

8.

Уәкілетті ұйымның арнайы аймақта орналасқан айырбастау пункті

1

20

9.

Астана және Алматы қалаларын және арнайы аймақты қоспағанда, уәкілетті ұйымның елді мекенде орналасқан айырбастау пункті

10

50


Қызметін бір әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында жүзеге асыратын барлық салық төлеушілер үшін жергілікті өкілді органдар бекітілген базалық ставкалар шегінде бірыңғай тіркелген салық ставкаларын белгілейді. 

Жергілікті өкілді органдар белгілеген тіркелген салық мөлшерлемелері болмаған жағдайда, салықты есептеу кезінде тіркелген салықтың базалық мөлшерлемелерінің ең төмен мөлшерлері қолданылады.
         
Салық ставкасы республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және салық кезеңінің бірінші күні қолданыста болған айлық есептік көрсеткіш мөлшері негізге алына отырып айқындалады.
          
Тіркелген салық үшін салық кезеңі күнтізбелік тоқсан болып табылады. 
         
 Салық салу объектілері айдың 15-ін қоса алғанға дейін пайдалануға берілген кезде тіркелген салық белгіленген ставка бойынша, 15-інен кейін белгіленген ставканың 1/2 мөлшерінде есептеледі. 
         
Салық салу объектiлерi айдың 15-ін қоса алғанға дейін шығып қалған кезде тiркелген салық белгіленген ставкасының 1/2 мөлшерінде, 15-інен кейін белгіленген ставка бойынша есептеледі. 
 
Тіркелген салық есепті салық кезеңінен кейінгі екінші айдың 25-інен кешіктірілмей салық салу объектілерінің тіркелген орны бойынша бюджетке төленуге жатады. 
 
Осы Кодекстің 548-бабында аталмаған кәсіпкерлік қызметтің өзге де түрлерін жүзеге асыру кезінде тіркелген салықты төлеушілер қызметтің осындай түрлері бойынша кірістер мен шығыстардың бөлек есебін жүргізуге және жалпыға бірдей белгіленген тәртіпте бюджетпен есеп айырысу жүргізуге міндетті.
       
Тіркелген салық бойынша декларация есепті тоқсаннан кейінгі екінші айдың 15-інен кешіктірілмей жекелеген қызмет түрлерін жүзеге асыратын салық төлеуші ретінде тіркеу есебінің орны бойынша салық органына табыс етіледі.

Тараз қаласы бойынша МКБ ӨЕТжАСРӘ бөлімі  басшысының м. а. Самат Найзабеков