Главные новости сегодня

Тараз
Курс:
К сведению 02 апр, 10:34

Жамбыл облысы бойынша салық департаментінің аудит басқармасының жетекші маманы Масенкулов Е.Ж.

салық органдарында тіркеу есебіне қою;

бақылау-кассалық машиналардың болуы;

этил спиртін босатуға лицензияның, рұқ­сат­тың, патенттің, осы Кодекстің 574-бабында көрсетілген тіркеу карточкасының болуы мәселелері бойынша тақырыптық тексерулер кезінде – нұсқамада көрсетілген аумақтың учаскесінде кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын салық төлеуші;

салықтық тексерудің басқа түрлері кезінде – нұсқамада көрсетілген салық төлеуші салықтық тексерулерге қатысушылар болып табылады.

Арнайы білімді және дағдыларды талап ететін мәселелерді зерттеп-тексеру, консультация алу үшін салық қызметі органы салықтық тексерудің нәтижесіне мүдделі емес маманды салықтық тексеруге тартуы мүмкін.

Салықтық тексеруге қатысушы болып табылатын салық қызметі органы лауазымды адамының жазбаша түрде қойған сұрақтары бойынша салықтық тексеруге тартылған маман қорытынды жасайды, ол салықтық тексеру барысында пайдаланылады. Мұндай жазбаша сұрақтар мен қорытындылардың көшірмесі салықтық тексеру актісіне, соның ішінде салық төлеушіге табыс етілетін салықтық тексеру актісінің данасына қоса беріледі. Салық қызметі органы маманды салықтық тексеруге тартқан жағдайда салық төлеуші өз тарапынан маманды тартуға құқылы, оның қорытындысы салық төлеуші маманының қорытындысын салық қызметі органына салықтық тексеру актісіне қол қойылған күннен кешіктірмей ұсынған жағдайда, салықтық тексеру актісіне қоса беріледі.

3. Салықтық тексерулерді тек қана салық қызметі органдары жүзеге асырады.

4. Салықтық тексерулер мынадай түрлерге бөлінеді:

1) құжаттық тексеру;

2) хронометраждық зерттеп-тексеру.

5. Құжаттық тексерулер мынадай түрлерге бөлінеді:

1) кешенді тексеру - салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің барлық түрлері бойынша салық міндеттемелерінің орындалуы, міндетті зейнетақы жарналарының толық және уақтылы есептелуі мен аударылуы және әлеуметтік аударымдардың толық және уақтылы есептелуі мен төленуі бойынша салық қызметі органы салық төлеушіге қатысты жүргізетін тексеру.

2) тақырыптық тексеру - салықтың және (немесе) бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің жекелеген түрлері бойынша салық міндеттемесінің орындалуы, міндетті зейнетақы жарналарының толық және уақтылы есептелуі, ұсталуы мен аударылуын, сондай-ақ әлеуметтік аударымдардың толық және уақтылы есептелуі мен төленуі, акцизделетін тауарлардың жекелеген түрлерінің өндірілуі мен айналымын мемлекеттік реттеу;

соттың заңды күшіне енген үкімінің немесе қаулысының негізінде жалған кәсіпорын деп танылған салық төлеушімен жасасқан операциялар бойынша салық міндеттемелерін айқындау;

сот кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға ниеттенбестен жүзеге асырылған деп таныған мәміле (мәмілелер) бойынша салық міндеттемелерін анықтау мәселелері бойынша;

салық төлеуші (салық агенті) мен оның дебиторлары арасындағы өзара есеп айырысуды айқындау;

халықаралық шарттардың (келісімдердің) ережелерін қолдану заңдылығы;

қайтаруға ұсынылған қосылған құн салығы сомаларының дұрыстығын растау;

резидент еместің салықтық өтініші және төленген табыс салығын бюджеттен немесе қосарланған салық салуды болдырмау туралы халықаралық шарттың негізінде шартты банк салымынан қайтару;

салық төлеушінің (салық агентінің) салықтық тексерудің нәтижелері туралы хабарламаға және (немесе) жоғары тұрған салық қызметі органының шағымды қарау нәтижелері бойынша шығарылған шешіміне салық төлеушінің (салық агентінің) шағымында жазылған мәселелер бойынша шағымын қарау;

төленген табыс салығын бюджеттен немесе қосарланған салық салуды болдырмау туралы халықаралық шарттың ережелеріне сәйкес шартты банк салымынан қайтаруға резидент еместің салықтық өтінішін қайта қарау туралы өтінішін қарау;

мемлекет меншігіне айналдырылған (айналдыруға жататын) мүлікті есепке алу, сақтау, ба­ғалау, одан әрі пайдалану және өткізу тәртібін сақтау;

уәкілетті мемлекеттік және жергілікті ат­қарушы органдардың Қазақстан Республика­сының салық заңнамасын орындауға бағытталған функцияларды жүзеге асыру жөніндегі міндеттерді орындау бөлігіндегі қызметі;

салық органдарында тіркеу есебіне қою;

бақылау-кассалық машиналардың болуы;

этил спиртін босатуға лицензияның, рұқсат­тың, патенттің, бақылау-кассалық машиналарды қолдану тәртібін сақтау;

акцизделетін тауарлардың жекелеген түрлерін лицензиялау қағидалары мен оларды өндіру, сақтау және өткізу шарттарын сақтау;

касса бойынша шығыс операцияларын тоқ­тата тұру туралы салық органы шығарған өкімді орындау мәселелері бойынша салық төлеушіге (салық агентіне) қатысты салық қызметі органы жүргізетін тексеру.

Мынадай:

салық органдарында тіркеу есебіне қою;

бақылау-кассалық машиналардың болуы;

3) қарсы тексеру - салық қызметi органы салық тө­леушiмен (салық агентiмен) операцияларды жүзеге асыратын тұлғаларға қатысты жүргiзетiн тексеру, салық қызметi органдары аталған салық төлеушiнi тексеру барысында пайдалану үшiн осындай операциялар туралы қосымша ақпарат алу мақсатында оған қатысты кешендi немесе тақырыптық тексеру жүргiзедi.

7. Хронометраждық зерттеп-тексеру - салық органдары салық төлеушінің зерттеп-тексеру жүргізілетін кезең ішіндегі нақты табысын және табыс алуға байланысты нақты шығындарын анықтау мақсатында жүргізетін тексеру.

9. Салықтық тексерулер мынадай типтерге бөлінеді:

1) жоспарлы тексеру – салықтық тексерулер жоспарына сәйкес жүзеге асырылатын кешенді және тақырыптық тексерулер, оны уәкілетті орган жыл сайын бекітіп отырады. Салықтық тексерулер жоспары салық төлеуші (салық агенті) ұсынған салық есептілігін, уәкілетті мемлекеттік органдардың мәліметтерін, сондай-ақ салық төлеушінің (салық агентінің) қызметі туралы басқа да құжаттар мен мәліметтерді талдау негізінде жасалады;

2) жоспардан тыс тексеру – осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілмеген, оның ішінде:

салық төлеушінің (салық агентінің) өзінің өтініші бойынша;

Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексінде көзделген негіздер бойынша, салық төлеуші (салық агенті) бұрын тек­серілген салық кезеңіне қосымша салық есептілі­гін осындай қосымша салық есептілігінде көрсетілген мәліметтердің дұрыстығын тексеру мақсатында табыс еткен жағдайда;

салық қызметі органының бұрын жіберілген сұрау салулары бойынша алдыңғы салықтық тексеру барысында келіп түспеген жауап алынған жағдайда, осы Кодекстің 608-бабында белгіленген тәртіппен камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы салық органдарының хабарламасын салық төлеуші (салық агенті) орындамаған жағдайда;

резидент заңды тұлғаның, резидент емес заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесінің бөліну жолымен қайта ұйымдастырылуына немесе таратылуына байланысты;

резидент емес заңды тұлғаның Қазақстан Республикасында тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын қызметін тоқтатуына байланысты;

дара кәсіпкер, жекеше нотариус, адвокат қызметінің тоқтатылуына байланысты;

салық төлеушінің салықтық өтініші негізінде қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебінен шығарылуына байланысты;

жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт мерзімінің өтуіне байланысты;

акцизделетін тауарлардың жекелеген түрлерінің өндірілуі мен айналымын мемлекеттік реттеу мәселелері бойынша;

Қазақстан Республикасының салық заңна­масына сәйкес салық төлеуші (салық агенті) мен оның дебиторлары арасындағы өзара есеп айырысуларды айқындау мәселелері бойынша;

қайтаруға ұсынылған қосылған құн салығы сомасының дұрыстығын растау бойынша салық төлеушінің қосылған құн салығы бойынша декларацияда көрсетілген талаптары негізінде;

резидент еместің төленген табыс салығын бюджеттен немесе қосарланған салық салуды болдырмау туралы халықаралық шарт ережелеріне сәйкес шартты банк салымынан қайтаруға салықтық өтініші негізінде;

Қазақстан Республикасының салық заңнама­сында, сондай-ақ орындалуын бақылау салық қызметі органдарына жүктелген Қазақстан Рес­публикасының өзге де заңдарында белгіленген міндеттерді банктердің және банк операция­ларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың орындауы мәселелері бойынша;

соттың заңды күшіне енген үкімі немесе қаулысы негізінде жалған кәсіпорын деп танылған салық төлеушімен жасалған операциялар бойынша салық міндеттемесін айқындау мәселелері бойынша;

сот кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру ниетінсіз жүзеге асырылған деп таныған мәміле (мәмілелер) бойынша салық міндеттемесін айқындау мәселелері бойынша;

салық төлеушінің (салық агентінің) салықтық тексеру нәтижелері туралы хабарламаға және (немесе) хабарламаға шағымды қарау нәтижелері бойынша шығарылған жоғары тұрған салық қызметі органының шешіміне шағымын – осы шағымда көрсетілген мәселелер бойынша;

резидент еместің төленген табыс салығын бюджеттен немесе қосарланған салық салуды болдырмау туралы халықаралық шарттың ере­желеріне сәйкес шартты банк салымынан қай­таруға салықтық өтінішін қайта қарау туралы өтінішіне байланысты;

олар бойынша лицензиар лицензия қолда­нысын тоқтата тұрған бұзушылықтарды жою мәселесі бойынша;

салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің бюджетке түсуін қамтамасыз ету саласында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органның шешімі негізінде жүзеге асырылатын салықтық тексерулер.